Әлеуметтік желіге таралған сарбаздарды мазақ қылған видеоға қатысты ҚР бас әскери прокуратурасының өкілі Еркін Қожа-Ахмет пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz. Еркін Қожа-Ахмет өз пікірін Facebook желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
“Соңғы кездерде Facebook әлеуметтік желіде міндетті әскери қызметкерлерге қарсы жарғысыз қатынастарды пайдаланып жатқан видео таратылып жатқанын байқауға болады. Осы жайлы айтатын болсақ, бұл бейнематериал 2009 жылы Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде түсіріліп, 2012 жылы Youtube каналында жарияланған”, – деп жазды ол.
“Қоғамның алдында айта кетерім, қазіргі таңда осындай оқиғалар өте сирек кездесетін жағдай. Біз жүргізіп жатқан профилактика мен заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары оларды айтарлықтай азайтуға, ал кейбір түрлерін мүлдем жоюға мүмкіндік берді. Алайда қоғамда түсініксіздікті тудырмас үшін осыған ұқсас материалдарды жарияламас бұрын оның қайдан пайда болғанын немесе ол жайлы тиісті мемлекеттік органдарынан сұрап алғанды жөн санаймын”, – деді Еркін Қожа-Ахмет.
Аталған видеода әскери борышын өтеуге келген сарбаздар мазақтау мәніндегі түрлі бұйрықты орындайды.