Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Қозғалса, кеудесі көрінеді!». Баян Мақсатқызы Шымкентті шулатып кетті

409

Өз өмірі жайлы кітабының тұсауын кескен Баян осыған дейін берген “енді бір жыл бойы жақ ашпаймын”, деген сертінен тағы да тайды. Қаладағы Риксос қонақүйіне тоқтаған жұлдызды жұп шыдамай кетіп, сол жерде баспасөз-мəслихатын өткізді.

Кітабын сатып алушылармен суретке түсіп, қолтаңбасымен бөлісті. Жиналушылардың арасында Баян Мақсатқызының ашық-шашық көйлек киіп келгенін сынап тастады. “Не деген сұмдық. Қозғалса, кеудесі көрінеді” деген сөздер келген жұрттың арасынан көп естілді.

Ең қызығы, жиында шымкенттіктер продюсерді Баяннан аумай қалған арумен шатастырып жатты. Арасында одан қолтаңба сұрап мазасын алғандар да болды.

Шымкенттік Баянның есімі – Дамира Асылбекова. Жұлдызбен түйдей құрдас.

Үш баланың анасы атақты “сыңарының” өміріне қызығушылық танытпайды екен. Бүгінгі кешке өз шаруаларымен жүріп, кездейсоқ тап болған.

– Мені Баянмен жиі шатастырады. Бірақ оған ешқашан еліктемегем. Бірнеше рет, тіпті, әуежайда менен қолтаңба сұраған қызық оқиғалар да болған. Оған үйреніп кеттім. Баянға барып, “двойнигің” болайын деп айтсай”, деп, достарым әзірлейді де. Есентаева деп атайтын таныстарым көп. Өз басым оған тек əйел бақытын тілеймін, – деді әңгіме барысында “Шымкеттік Баян” Дамира Асылбекова.


Жұлдызды продюсердің айналасы күзетшілерге лық толы. Журналисттер жолатылмады. Баян Мақсатқызының елмен кездесуі екі сағатқа созылды. Кеш соңында атақты продюсер өзінің шаршағанын айтып, елмен қоштасты.


https://kaz.365info.kz/khyzymdy-khytajga-kyjeuge-berem-bayan-esentaeva-tagy-ne-dedi-271738

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз