Қостанайда полицейлер интим қызмет көрсететін салонның қызметкерлерін ұстады, – деп хабарлайды “Тобол Инфо” порталының тілшісі.
“Мен тура бұл салонның жанында жұмыс істеймін. Ол жерге қалай ер адамдар кіріп-шығатындарын жиі көремін. Жаз мезгілінде қыздар салонға ер адамдарды шақырып, тіпті өзінің кім екенін айтуға ұялмады да”, – деді көршілес шаштараз мекемесінің қызметкері.
Интим қызмет көрсеткен қызметкерлерді 26 қазанда түнде ұстады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналистер Қостанай облысының ІІД өкілдеріне ресми сауал жіберді.