Қостанай облысының тұрғыны екі қызды зорлады деп айыпталды.
Бұл туралы Аlau.kz хабарлады.
Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіповтің айтуынша, 2017 жылы 15-қаңтарда Сарыкөл аудандық ішкі істер бөліміне бір әйел келіп, өзінің 2005 жылғы қызын 38 жастағы ер адамның зорлап кеткенін айтқан. Прокуратура басқарма басшысының айтуынша, ер адам бұл қылмысқа бірнеше рет барған. Сол күні ол қамауға алынған.
Айыпталушы – жұмыссыз, үйленген, бұрын кәмелет жасына толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін сотталған. Сонымен қатар, тергеу барысында 2008 жылғы өгей қызын зорлағаны да анықталған.
Сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша, прокуратура өкілінің мәліметінше, айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің “Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер”, “Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер” және “Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау” баптары бойынша күдікке ілінген.