Қостанайда мектеп оқушысы өзіне-өзі қол жұмсап, ақырғы хатын қалдырып кеткен. Он жеті жасар бала №1 кешкі мектепте білім алған.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
«Жасөспірім өзіне қол жұмсамас бұрын жазған хатында суицид жасауының себебін жазған. Өзін-өзі өлтірген мектеп оқушысы орындалмаған махаббаттан осындай қадамға барған екен. Бұл фактіні марқұмның анасы да растап отыр. Бала толыққанды, үлгілі отбасында тәрбиеленген. Оның сабаққа себепсіз бармаған кездері мүлде болмаған. Мектепке бармай қалған күннің өзінде анықтамамен келетін», – деп түсіндірді қала әкімдігінің білім бөлімінде.