Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қостанайда бір шелек көмір ұрлап айыпталған әйелге кәсіпкерлер 1 машина отын түсіріп берді

Аталған жаңалық жария болып, оның төңірегінде дабыра басталған 2-3 сағаттың ішінде Қостанай облысының кәсіпкерлері әйелдің үйін жылыту үшін бір машина көмір беріп жіберді», – деді кәсіпкер Асқар Кереев бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің бірінші сессиясында.

Айта кетейік, қараша айында Ұзынкөл аудандық сотында өзгенің мүлкін ұрлады деген айыппен жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қаралған болатын. Оған Ұзынкөл аудандық ауруханасына қарасты ауылдардың бірінің медициналық пункті аумағынан 20 келі көмір ұрлады деген айып тағылған еді. Дегенмен тараптардың татуласуына байланысты көмір ұрлаған әйел жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз