Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қостанайда 5 қабаттан арқанмен түспек болған келіншек опат болды (фото)

әл-Фараби көшесіндегі қайғылы оқиғаны 10-наурызда куәгерлер хабарлаған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам үйде қамаулы қалған. Сондықтан ол үйдегі төсек ақжаймаларын өріп, байлап 5-қабаттағы балконнан түспек болған.

Бірақ ақжайма үзіліп кетіп, 52 жастағы әйел төменге құлдидай жөнелген. Жедел жәрдем стансасы қызметкерлері алған ауыр жарақаты салдарынан 1965 жылғы әйелдің көз жұмғанын айтты.

Тура осы күні қаладағы Станционная көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатындағы балконнан 44 жастағы келіншек ұшып кеткен.

«Ол мас болған. Сынбаған жері жоқ. Қазір ол қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр»,

— деді Қостанай облыстық ішкі істер департаментіндегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз