Қостанайдағы қоныс колониясынан қашып кеткен 30 жастағы Руслан Юсубов қамауға алынды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Іс деректеріне сүйенсек, қылмыстық жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өткізіп жатқан 30 жастағы сотталушы белгіленген мерзімде қоныс колониясына оралмаған.
“8 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында Руслан Юсубовтың уақытша тұрып жатқан мекенжайы анықталды. Ол осы уақытқа дейін Денисов ауданының Некрасовка ауылында болған. ПСотталушының түрмеден шығуына небәрі бір жыл ғана қалыпты. Енді Юсубов 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін” делінеді хабарламада.