Қостанай облысына көрші елден келетін су орташа деңгейден жоғарылап кетті.
Бұл туралы „Наша газета„ басылымына «Қостанай су шаруашылығы» кәсіпорынындағылар мәлім етті.
Өңірдегі Жоғары Тобыл және Қара томар сынды ірі екі су қоймасына 400-ден 600 млн шаршы метр су келеді деп болжанып отыр.
– Синоптиктердің болжамына сәйкес, су тасқыны жылдағы көрсеткіштен биыл жоғары жүреді. Көпжылдық орташа норма – 413 млн шаршы су, ал біз қос су қоймаға 400-ден 600 млн шаршы метр су келеді деп отырмыз. Қазір бұл су қоймалары 517 млн шаршы метр суды қабылдауға даяр. Ресейден 12-сәуірден бастап су келіп жатыр, аптасына 142 млн шаршы метр су келді, әлі 375 млн шаршы метр су сиятын әлі орын бар, – деді «Қостанай су шаруашылығы» кәсіпорынының бөлім бастығы Ғабидолла Қойшин.