Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қос ғашықтың рөлін сомдаған Салтанат Бақаева мен Нұржан Керменбаев тыңдармандарын қуантып тастады

454

Көптен бері тыныштық орнаған «Арнау» тобы тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынып, қуантып тастады. Иә, олардың «Сүйе берем» деп аталатын әні де, түсірілген бейнебаяны да сәтті шыққан. Айта кетерлігі, жаңа бейнебаянда қос әнші алғаш рет ғашықтардың рөлін сомдады.

Бейнебаянда ғашықтардың аядай бөлмедегі тіршілігі көрініс тапқан. Әншілердің өзі бір-біріне ғашық жандардың рөлін нанымды етіп, тамаша сомдап шықты.

Мұны желі қолданушылары да байқап, олардан «кезінде тамаша жұп шығар еді» деген пікірлерін қалдырып жатыр.

Ал туындыға қатысты баға берген тыңдармандары тәнті болғандарын жеткізді.

«Қайта оралуларыңызбен! Керемет», «Негізі қара бала мен қара қыз жақсы дует. Әдемі жұп та болар еді. Жарасады негізі», «Керемет ән болыпты. Құтты болсын!», «Әдемі ән екен. Тыңдай бергің келеді. Дауыстарыңыз да сондай үйлесімді», – дейді пікір қалдырушылар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз