Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Қорқып кетті…”. Әуелбекова Баянның ұсынысынан бас тартты

“Бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрлейді”, деп БАҚ беттерінде сұқбат терген әншіні бірден экс-продюсері “дуэльге” шақырып, бетпе-бет сұқбат беруге желіде ұсыныс тастаған еді.

https://kaz.365info.kz/kozime-tik-khara-bayan-makhsatkhyzy-moldir-auelbekovany-birge-syhbat-beruge-shakhyrdy-301333

Бұл жағдайдың орын алғанына да біраз уақыттың жүзі өтті, бірақ Мөлдір Әуелбекова асықпай мынадай шешімге келіпті.

Шешімін Гәкку арнасына берген сұқбатында айтты.

«Бәрі жіберді, ол жазбаны. Әрине, оқыдым. Бұндай жағдайлар талай рет болған. Менің етім әбден үйренген. Мен бұған мүлде назар аудармаймын.

Мен бұл тақырыпқа, «Keshyou» тобына қатысты мәселелерге мән бермеймін», – деді Әуелбекова.

Ал, Баянның ұсынысын әнші қабыл алған жоқ.

«Мен неге сұхбат беруім керек? Сұхбатты уақытында бірге бергенбіз.

Мен ол кітапты жапқанмын. Ал, жабылған нәрсені қайта ашудың керегі жоқ», – Мөлдір Әуелбекова

Желідегілер өз кезегінде Әуелбекованың шешіміне мынадай пікір білдіріп жатты: “Қорқып кетті”, “Баянның арқасында танымал болдың. Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бір шикілік бар сияқты, Мөлдір қорқып тұр», -дейді.

Ашық айқасқа баруға әнші жалтартты. Онда бұл әңгімені неліктен қозғады екен? Бәлкім, бұл қара пиардың жаңа түрі шығар. Білмейміз. Десе де, айтылған сөз атылған оқ боп қалатындығын түсінсе екен әншілер…

https://kaz.365info.kz/bir-tojda-asaba-moldir-auelbekovany-aldap-seltendetip-khojdy-video-300705

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз