Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қорқынышты: Алматы облысында марқұмдар дұрыс жерленбей сыртқа шығып қалған

Аты-жөні белгісіз жандар жерленетін қорымдағы көріністен денең түршігіп, аза бойың қаза болады. Оңды-солды көмілген табыттардың шеті көрініп, ашық-шашық жатыр. Қарайған қоршауы да жоқ. Өкініштісі, бейіттегі  бейберекетсіздікті құзырлы орындар емес, əуелі зиярат етушілер байқаған.

«Мемлекеттік бюджеттен қанша ақша бөлінсе де, адам секілді жерлей алмаған. Маңайда жұрт бар, балалар ойнап жүр. Қаңғыған кез келген қазып алуы да ғажам емес. Табыт топырақтан ашық жатыр, қалған жері 10-15 сантимертр тереңдікте көмілген»,-дейді Евгений Дягилев.

«Шындығында моральдық тұрғыдан алсақ, адамгершіліктен жұрдай жандардың әрекеті дер едім. Қайткенде де зиратқа қарайтын жауапты мекеме болуы керек қой. Бірақ, біз жан-жаққа хабарласып, ешкімді таппадық»,-деді Анжелика  Ахмедова.

Междуреченск ауылдық округіндегі арнайы жерлеу орны  5 жыл бұрын ашылған. Тағдырдың жазуымен осы зираттан топырақ бұйырғандар, алдын-ала қазылған шұңқырға жерленеді. Ал, бейіт басына жиналғандар,  әруақты қорлағандар жазасын алуы тиіс деп есептейді. Бірақ, жергілікті әкімдіктегілер, бар кінәні табиғаттың тосын мінезіне артып қойды.

«Өздеріңіз білесіздер, көктем енді басылып жатыр. Қар жауады, жаңбыр жауады, жер отырады. Өзіміздің әкімдік тарапынан специалистер келіп, қарап тұрады. Істеген жұмысына қарай ақшасын беріп тұрамыз»,-деп түсіндірді Междуреченск ауылдық округінің əкімі Серік Əбдібеков.

Талап бойынша тендерден жеңімпаз атанған жеке компания марқұмдарды жерлеу рəсімін іске асырып келіпті. Оған жылына бақандай 2 миллион теңге бөлініп отырған.

Бұл қорымға тек Іле ауданындағы мəйітханалардан жеткізілетін аты-жөні белгісіз жандар жерленеді. Жылына орта есеппен 30-ға жуық адам жер қойнына тапсырылады. Бірақ, маңайдағы тұрғындар табыты көрініп, ашық-шашық қорымнан күн ысығанда түрлі ауру тарай ма деп қорқады. Ал, тендерден ұтып, іс бітті, қу кеттінің керін келтірген компанияға шара қолдана алмаймыз деген əкімдіктегілер, енді марқұмдарды қайта көму жұмысын өз мойындарына алатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз