Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұл мен қыз тәрбиесі туралы ойымен бөлісті.
Оның айтуынша, бүгінгі аналар ұлдарын артығырақ жақсы көріп, соларға көбірек махаббатын төгеді. Бұдан келіп, үнемі қамқорлық пен махаббатқа тәуелді ұл балалар өсіп шығады. Олар – өзгеге сезім сыйлай алмайды, керісінше барлығын сырттан күтетін, өзге түгілі өз басын әрең алып жүретін, ата-ана мен қарындасқа қамқор бола алмайтын әлсіз еркектер.
«Бүгінгі таңда аналар ұл балаларды артығырақ жақсы көріп, соларға көбірек қамқор болады деген пікірмен келісемен. Қазіргі заманда қыздардың білімі жоғары, олар табысты, жас әрі ата-анасымен бірге тұрса да, өздерін қамтамасыз ете алады. Яғни қыз қамқорлықты қажет етпейді, ода онсыз да барлығы бар. Бұрынырақта қыз баланың қайда жүргенін, оның жүріс-тұрысын, кіммен араласып жүргенін, оның артық рет ешкіммен сөйлеспеуін әкесі не ағасы қадағалап отыратын.
Ал мына заманда қызының немесе қарындасының артынан жүретін ер адамдар аз.
Мұндай үрдіс кейбір Кавказ елдері мен Түркияның кей аймақтарында сақталған. Ал біз қыздарға азырақ қамқорлық көрсететін болған сияқтымыз – ол кешкі уақытта үйге өзі қайтады, ауыр сөмкелерді де өзі көтереді. Тіпті, ағасы бар қыздардың өздері солай!
https://kaz.365info.kz/kelin-dep-tysirgeni-atakhty-zhezokshe-eken-bizdin-auyldagy-okhiga-273664
Ал аналардың ер балаларға аса көп қамқорлық танытуы олардың азамат ретінде дамуына кері әсерін тигізеді. Олар өмірдің қатал тәртібіне бейімделе алмай қиналады, жауапкершілікті, маңызды шешімді талап ететін қиын жағдайға тап болса адасады. Қазіргі жігіттер сәнді киініп, өздеріне күтім жасағанды ұнатады. Бұл ретте ұқыпты болу – бөлек әңгіме, ал дүкеннен шықпай қою – бізге, яғни әйелдер қауымына тән қасиет Һәм әдет», – деді ағынан жарылып ол.
Бұдан кейін тележүргізуші әлсіз еркектердің қайдан пайда болатынын түсіндірді.
«Ақырында ұлымызды әлпештеп, еркелетіп, мәпелеп өсіреміз, ал қызымызды әбден шынықтырамыз.
https://kaz.365info.kz/aj-lajla-khojsanshy-yyatsyz-khyzdardy-efirge-shygargan-syltankhyzy-soz-tyndar-ma-eken-258245
Сосын ұлымыз үйленген соң, ата-анасын ұмытып, қайын-жұртқа қызмет ете бастаса таңғаламыз!
Себебі ата-анаға, әпке-қарындасқа қамқор болу керектігін оған жастай ешкім үйреткен жоқ. Ол тек өзгелерден алатын махаббат пен назарды, материалдық ресурстарды «тұтынып» үйренді. Сондықтан отбасылы болған соң ол жаңа әйелдің «қамқорлығына» өтеді, бар болғаны осы», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Дерек көз: Stan.kz