Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қорқа ма?”. Дін туралы заң жобасында киім мен сақалға қатысты сөздер жоқ

https://kaz.365info.kz/olar-signaldy-kytip-otyr-ministr-salafitterdin-kimderge-bagynatynyn-ajtyp-berdi-257612
Министр бұл заң жобасында оқушылардың киімі, міндетті екпе егу сияқты даулы мәселелер қамтылмағанын айтты.

«Кейбір адамдардың қате түсініктері, әдейі жасалып отырған және жалған бұрмаланған мәліметтері бойынша мынаны айтқым келеді. Заңның өзінде мектеп киімі, міндетті екпе егу нормалары туралы сөз қозғалмаған. Сақал, шалбар т.б. сөздер мүлде жоқ. Жалпы заң жобасы қоғам мен мемлекет алдында адамдар өз міндетін сақтай отырып, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуді бірінші орынға қойып отыр. Заң жобасы еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің берік іргетасын қалыптастыруға бағытталған», – деді министр Сенат қабырғасында өткен ҚР азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру тақырыбындағы дөңгелек үстелде.

Еске сала кетсек, жақында ғана Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылған болатын.
https://kaz.365info.kz/artynda-ylken-kysh-tyr-khazakhtyn-bas-salafiti-mybarovke-biliktin-tisi-nege-batpajdy-298862

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз