Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қорғаныс-өндірістік кешен: «Қазақстан Аселсан инжиринг» өз өнімін Мәскеу мен Өзбекстанда таныс етті

243

Кездесу барысында тараптар «Қазақстан Аселсан инжиринг» бірлескен кәсіпорнының әрі қарай даму мүмкіндіктерін талқылады.

Бұдан бөлек екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі жайын сөз етіп, сонымен қатар өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету қажеттігін растады.

Бірлескен жоба жұмысын бастағалы «ASELSAN» компаниясы кәсіпорынға 40 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салғаны сөз болды.

«ASELSAN» компаниясы бүгінгі таңда Түркияның ірі қорғаныс кәсіпорындарының бірі. Және әлемнің 100 қорғаныс кәсіпорындарының рейтінгінде 58 орында («Defense News Top 100»).

Анықтама:

2013 жылдың желтоқсанында Астанада «Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС бірлескен кәсіпорны ашылды.

Ал 2014 жылдың қаңтарында зауыт ең алғашқы өнімін берді. Қазіргі таңда зауытта 100 маман қызмет етеді, барлық өндіріс іске қосылған.

«Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС (ҚР ҚАЭМ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) қазақстандық күштік құрылымдар үшін электрондық және электронды-оптикалыө өнімдер жасайды. Бұл – байланыс жүйелері, тепловизорлар, қаруға арналған күндізгі және түнгі көздеуіш, сондай-ақ оқ атуды электронды тұрақтандыру жүйесі.

Қазақстандық қорғаныс кәсіпорны қару-жарақ және әскери техникалардың халықаралық көрмелеріне болашақта сыртқы нарықта шығу мақсатымен белсенді түрде қатысады.

Зауыттың өнімі биыл IV халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери техника мүлкінің көрмесі мен IV «Kazakhstan Security Systems – 2018» қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс бойынша конференция көрмесінде өзінің тиісті бағасын алды. .

«Қазақстан Аселсан инжиринг» ЖШС өз өнімдерін 2018 жылдың 23-26 қазаны аралығында Мәскеуде өтетін XXII «INTERPOLITEX- 2018» халықаралық көрмесінде, сондай-ақ 14-16 қараша аралығында Ташкент қаласында өтетін 10-шы Орта-Азиялық халықаралық көрмесінде таныстыруды жоспарлап отыр.

Айта кетелік, «Казақстан Aselsan Инжиниринг» бірлескен қазақстандық-түрік кәсіпорнында  2016 жылдан бастап нанотехнологияларды қолдана отырып, жылу визорларға арналған инфрақызыл линзаларды шығарып жатыр.

Бұдан бұрын…

Парламент Мәжілісінің үкімет сағатында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов  «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша баяндама жасаған еді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені (ҚӨК) 40 кәсіпорынды қамтиды. Онда 9 мыңнан астам адам еңбек етеді.

2016 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ҚАӨМ) құрылғаннан бері оның алдында Қорғаныс Күштерін, басқа да әскери топтамаларын қажетті қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету бойынша міндеті қойылған.

Соңғы жылдары ішінде технологиялар трансферті қамтамасыз етілген бірқатар бірлескен өндірістер құрылып, сәтті жұмыс атқаруда.

Олардың ішінде – ілгеріде айтып өткен «Казахстан Аселсан инжиниринг» электронды-оптикалық құралдарды шығару зауыты, «Казахстан Парамаунт инжиниринг» брондалған көліктерді шығару бойынша кәсіпорын, «Еврокоптер Казахстан Инжиниринг» тікұшақтарға қызмет көрсету бойынша зауыты. «Семей инжиниринг» негізінде брондалған танк техникасын (Т-72, БМП, БТР) жөндеу, жаңғырту және техникалық сүйемелдеу бойынша кластер құрылуда.

Жалпы, статистикаға жүгінетін болсақ,  2017 жылы ҚӨК кәсіпорындарының өндіріс көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті, экспорт 2 есе көбейген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы жылдары Қазақстанда 9 қорғаныс өнеркәсіп кәсіпорны техникалық жаңғыртудан өтетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз