Адамдар Аза тұту күні Тараздың екінші шағын ауданындағы өрт сөндіру бөліміне гүл шоқтарын қоюда.
ВТВС Telegram-арнасы жазғандай, қайтыс болғандар дәл сол жерде қызмет еткен.
29 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен әскери қызметкерлерді орденмен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанынан өрт шыққан. Өрт салдарынан бірқатар жарылыстар болды.