Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қонаевқа қойылған ескерткіш «әкімдіктің» стилінде орындалған — өнертанушы

287
Covid-19. Coronavirus Outbreak Design with Virus Cell in Microscopic View on Shiny Light Background. Vector 2019-ncov Illustration Template on Dangerous SARS Epidemic Theme for Promotional Banner

Жақында Бақанаста (Алматы облысы) орнатылған Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткіші әлеуметтік желілерде наразылық тудырды. Әсіресе  белгілі мемлекет қайраткерінің туыстары мүсіннің  сәтсіз шыққанын айтуда.

Бұл тәсіл өнерде қолданылатындығына қарамастан, мүсінші барлық пропорцияларын тым бұрмалаған. Тұтастай алғанда, бұл жұмысты өнер туындысына жатқызу қиын.

Әкімдер  патша емес

— Валерия, осы ескерткішті орнатқаннан кейін Қазақстанда мықты көркемсурет мектебі жоқ сияқты көрінді… жас жас суретшілерді қолөнерге үйрететін ешкім жоқ па?

— Бізде әлі де білікті мүсіншілер, тіпті салыстырмалы түрде жас мүсіншілер бар. Сондықтан, менің ойымша,

мәселе орындаушыларда емес, тапсырыс берушілерде. Шамасы, олар арзан және келісімге келетін жақын таныстарын іздеген болуы керек

Осындай ескерткіштерді «әкімдік» стиліне жатқызамын. Яғни, бұл үлкен және шағын әкімдіктердің тапсырысы бойынша жасалады.

Мен әлі

бірде-бір қалалық ескерткіштің танымал мүсіншіге немесе  деңгейі жоғары мектепке тапсырылғанын көрген емеспін

Санжар Досмағамбетовке, Асқар Есенбаев секілді жұмыстарын мұражайдан көруге болатын  шеберлерге мұндай тапсырыстар түсіп жатқан жоқ. Олар білікті реалистік түрде жұмыс істейтін сауатты мүсіншілер.

Мен абстракция стилінде жұмыс істейтін жігіттерді де айтпаймын. Олардың деңгейіне жету қайда.

Яғни

тапсырыс берушілер өзінің айтқанына көнетіндерді ұнатады

Ол өнер туындысын ауылдың немесе қаланың бас алаңына қоюды жоспарламайды. Мұның басқа себебі бар.

Бірақ менің білуімше, суретшілер барлық уақытта тапсырыс берушіге жағуға тырысты. Суретші жай ақша табуды ойлайды, ал мемлекет пен кез келген ауқатты адам тапсырыс беруші бола алады.

—  Иә, әрине, ондай мәселе да бар. Мемлекет пен шіркеу әрқашан өнердің бай тұтынушылары болған. Әлі де солай. Бірақ тапсырыс схемасы бүгінде түбегейлі өзгерді. Мысалы, бұрын патша суретшіге өзінің портретін тікелей тапсырыс бере алатын. Ал бүгінгі тапсырыс жүйесі мен жұмыс сапасын сараптамалық кеңес анықтайды.

Мемлекет кеңеске түрлі жұмыстар ұсынылатын конкурс жариялау рәсімін сеніп тапсырады. Яғни, бұл жерде жеке талғам емес, қоғамның талғамы маңызды.

Алайда, әкім бүкіл халықтың талғамын ескермейді. Мысалы, ол тапсырыс берген және орындалған жұмысты жатын бөлмесіне қоя алады. Бірақ оның өз талғамын алаңға шығаруға құқығы жоқ. Бұл оның жеке алаңы емес!

Суретшілер жоқ па?

— Валерия, менің ойымша, бізде қолөнерді жақсы меңгерген  суретшілер жоқ.

— Мен сізге біздің адамдардың көңілінен шығатын сауатты мүсін жасай алатын екі суретшіні атадым.

Нұр-Сұлтандағы Кенесары ескерткішінің авторы Нұрлан Далбай да бар. Ербосын Мелдібеков реалистік фигураны жасай алады.

Іздесек, халықтың қалауын орындай алатындарды табуға болады.

Мен абстракция мен символизм туралы айтпаймын. Алматыда қойылған «Тиінді» айтудың өзі жеткілікті.

Алматыдағы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға ескерткіші халықтың көңілінен шығады.  Оған да «әкімдік» тапсырыс берген.

Мен өнер мектебінің әлсіздігі туралы айтып отырмын. Алматыда жақсы мүсіндері мүлдем жоқ. Мәселе реалистік фигураны жасауда емес. Мен қолөнер негізін үйренген кезде тіпті абстракцияның өзі жоғары деңгейге шығады деп ойлаймын. Қазір Қонаевтың  қоғамның наразылығына ұшыраған ескерткішін шартты түрде абстракция стилінде орындалған деп сылтаурата салуға болмайды. Бұл нағыз білімсіздіктің көрінісі.

— Абстракциялық стильде жұмыс жасау үшін реализмнен гөрі көбірек білім қажет. Бірақ біздің халқымыз мұндай мүсінді қабылдамайды. «Тиіннің» айналасындағы жанжалды еске түсіріңіз. Бірақ ол шын мәнінде өте қызықты мүсін болды. Оны жасаушы – халықаралық деңгейдегі танымал суретші.

Сондықтан мен қарапайым және сауатты орындалған өнер туындысы туралы айтып отырмын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз