Қытай билігі ҚХР Коммунистік партиясының кезекті съезі қарсаңында WhatsApp мессенджерінің хабар жіберу функциясын бұғаттады, деп жазады RT.
Ал криптография маманы Надим Кобеиссидің айтуынша, Қытай билігі WhatsApp-тың крипто-қорғаныстарын бұзып, барлық хабарламаларды бақылауға алатын арнайы бағдарлама жасай алады.
«Билік цензураның осындай әдісінен де арланбайды», — депті Кобеисси.
Айта кетсек, Қытайда биылғы жаздан бері WhatsApp арқылы бейне және аудио хабарлар тарату функциясы бұғаттала бастаған екен.