Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің сөзінше, нәресте бүгін таңертең бақилық болған.
«Нәрестенің денесіне суық өтіп кеткен. Жансақтау бөлімінде жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қалуға барын салды. Оқиғаның осылай аяқталғаны өкінішті», – деді аурухананың бас дәрігері.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға кеше облыс орталығында болған. Оны қоқыс жәшігінен полицейлер алып шыққан. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.