Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен Елбасы: “Біз бір-бірімізге сенеміз!”

Бізде шешілмеген мәселе жоқ.

Туындайтын кез келген мәселе шешіледі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қытайдың тікелей шетел инвестициясы, бөлінген кредиттер және бірлескен кәсіпорындар бойынша Қазақстан экономикасының негізгі серіктесі болып отырғандығын атап өтті. Энергетикалық ынтымақтастық мәселелері толықтай өз шешімін тапқандығын еске салды.

«Біздің арамызда барлық деңгейдегі жылы әрі тығыз байланыстар қытай-қазақстандық қарым-қатынастың стратегиялық сипатын паш етеді. Біз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың үлгісі боламыз десек те болады. Байланыстарымыз барынша тығыз.

Менің осы жолғы сапарымды тамаша ұйымдастырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін.

Мен Бейжің сарайы қонақ үйіне орналасып, өзімде үйімдегідей сезінудемін», – деді өз кезегінде Қытай төрағасы Қазақстан президентіне қарата.

Айта кетерлігі, ҚХР төрағасы Қазақстанға осымен үшінші рет ресми сапармен келіп отыр. Сапар аясында ол ертең ШЫҰ саммитіне, сонымен қатар ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу салтанатына қатысатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз