Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстандықтар жыныстық қатынасқа неше жастан түседі?

506

Сауалнамаға республиканың барлық өңірінен 4360 жасөспірім қатысқан. Қыз бен жігіттердің саны өзара тең, деп мәлімет берді қоғамдық пікірді зерттеу орталығы деректерді талдау және өңдеу бөлімінің жетекшісі Айжан Шәбденова.

Сауалнамаға қатысқан бір жарым мың жасөспірімнің жартысы екі немесе одан да көп адаммен жыныстық қатынасқа түскен.

“19 жастағылардың 57 %-і жыныстық өмір сүреді. Жастардың үштен бір бөлігі жыныстық жағынан белсенді. Жыныстық қатынасты бастайтын орташа жас мөлшері – 16 жарым. Біреу ерте, біреу кеш бастайды, бірақ орташа жас шамасы осы”, — деп хабарлады сарапшы брифингте.

Шәдбенова атап өткендей, жыныстық өмір тәжірибесі жастар арасында кең тараған, әсіресе қалада тұратын жігіттер жыныстық қатынастағы серігін жиі ауыстырады.

Сарапшының мәліметіне сүйенсек, 15-19 жас аралығындағы әр бесінші қазақстандық мүшеқап пайдаланбайды.

Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы қыздардың 16,7 %-нің аяғы ауыр. Көбінесе сәбиін өмірге әкеледі. 16,7 %-і түсік жасатқан, 22 қыз түсік жасатқанын мойындады, сауалнамаға қатысқан қыздардың 2 %-і үй жағдайында түсік жасатқан.

Бұл зерттеу Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі және ЮНФПА тапсырысымен жүргізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз