Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қазіргі жас қыздар ұятсыз…”. Астаналық келіншек күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты

886

Астаналық Әсем (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді келіншек осыдан 10 жыл бұрын сүйген жігітіне тұрмысқа шыққан. Тату-тәтті өмір сүріп жатқан ол, жолдасының өмірінде басқа жас қыздың келуімен өмірінің астан-кестен шыққанын айтты.

https://kaz.365info.kz/korgensizdik-khoj-balalardyn-aldynda-byrandagan-zholdybaeva-synnyn-astynda-khaldy-video-328327

 

“Сүйген жігітіммен отбасын құрып, үш бала тәрбиелеп отырған қарапайым отбасылардың бірі болатынмын. Бәрі жолдасымның көңілі басқа қызға ауғаннан басталды.

Алғашында жай араласамыз, әріптесім деп жүрді.

Кейін сол жұмыстағыларымен көп қыдыруды шығарды.

Қазір, айтуға да ұят, бірақ сол жас қыз үшін туған балаларынан, менен теріс айналып кетіп қалды. Әрине, бастапқыда қатты қиналдым. Күндіз-түні жылайтынмын.

Бірақ жылағанмен не пайда? Міне осы тамыз айында ажырастық. Қазір одан ештеңені талап етпеймін, тек бір мезгіл балаларына уақыт тауып, көңіл бөліп тұрса болғаны”,-дейді келіншек.

https://kaz.365info.kz/bitti-dep-rizasyn-ba-byryngy-ajelin-oltirgen-erkek-artynan-ozine-okh-atty-video-328331

Елордалық үш балалы ананың айтуынша, әйел адамдар тек өздеріне ғана сенулері тиіс екен. Себебі, “ерлер бір желөкпе үшін, бір-ақ күнде бүкіл отбасын сата салады” дейді.

“Мен ешқашан жолдасымның мойнында отырып, одан ақша сұраған емеспін. Өзімнің тапқан табысым өзіме артығымен жететін. Екеуміз жанталасып жүріп, екі бөлмелі пәтерге қол жеткізген едік. Оны енді балаларына қалдырады деп ойлаймын. Бұрынғы күйеуімнің туыстары да өте жақсы адамдар.

Әйелдер қауымына айтарым, жолдастарыңызға сенбеңіздер.

Өз тіршіліктеріңізде жасап, мейлінше оларға қаржылай-материалдық жағынан тәуелсіз болуға тырысыңыздар.

Қазір бұрынғы жолдасымнан көңілім қалғаны соншалық, ажырасқаныма тәубе дегеннен басқа айтарым жоқ. Жұмысым бар, білімім бар, үш балапанымды оның қандай да бір көмегінсіз өзім-ақ жеткіземін”,-деп әңгімесін аяқтады келіншек.

 

https://kaz.365info.kz/70-zhasta-yzatyldy-degen-videonyn-san-zhajy-begili-boldy-foto-video-328341

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз