Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қажымұқанның аруағы бізге риза емес!

207

Себебі, күш атасы Қажымұқанның аруағы бізге риза емес!

Біз оны ұмыттық, елеусіз қалдырдық…-деді бірде жақын досым. Өз басым ырым дегенге сене бермеймін. Күлдім де қойдым.

Астана-Қостанай жолының бойында, өз атындағы шағын ауылдың шетінде елеусіз ғана тұрған палуанның еңселі ескерткішін көргенде сол әңгіме ойыма оралғаны. Бұл ескерткіш бастапқыда ел ордасында тұруы тиіс болған. Сол үшін арнайы жасалған.

Алайда, әлдебір мүдделер қақтығысының құрбаны болып, тас жолдың бойынан бір-ақ шыққан деседі. Қоқысқа тастамағандарына да шүкір дедік.

Ал, сол Астанада қазір не көп, спорт ареналары, стадиондар көп. Солардың бірінің алдында қасқайып қазақтың бас палуаны-Қажымұқанның ескерткіші неге тұрмайды? Бұл да бір рух беретін дүние емес пе?

Бәлкім, менің досым дұрыс айтады- біз аруақты сыйлауды ұмытып кеттік. Тумысынан палуан қазақтың күрестен де, басқадан да… шынымен жолы болмай жүр. Қолдамай жатқан шығар…

Арман Сқабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз