Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақтың танымал балалар ақыны өмірден озды

485

Ескен Елубаев 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында және «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.

Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды. Негізінде ақын шығармашылығын балалар тақырыбына арнады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007-2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері болған. Қырықтан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген.

«Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кинофильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген.

Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз