Ресейлік «Уфа» клубы сапында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрама командасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің жолына қарап жүрген жанкүйер өте көп. Талабы таудай жерлесіміз жаңа маусымды әзірге сырттай тамашалауда, деп хабарлайды SportX.kz.
«Уфа» жаңа маусым аясындағы кезекті ойынды бүгін өз алаңында «Локомотивке» қарсы өткізеді. Бірақ бүгінгі бәсеке Сейдахметсіз өтетін сыңайлы. Өйткені жерлесіміз матчқа қатысатын футболшылар тізіміне енбеген. Тараздан шыққан тарлан ақпан айында Башқұртсанның беткеұстар клубымен ұзақ мерзімді келісім шарт жасасқаны есімізде. Бірақ жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты 18-жасар футболшы маусым соңына дейін доп тебуге жарамады. Әне-міне дегенше жаңа маусымда басталып кетті.
Әйтсе де «Қазақтың Мессиі» атанып кеткен Сейдахметке «Уфаның» негізгі сапынан орын тимей тұр.
Мүмкін, ескі жарақатынан әлі толық айықпаған болар.