Белгілі журналист Тоқтар Жақаштың фейсбуктегі мына жазбасын оқып шығып, түнімен ұйықтай алмай шықтым.
«Айдаладағы екі мемлекет картасының бір-біріне не байланысы бар? Байланыс болмаса да ұқсастық бар секілді.
1870 жылы Еуропадағы еврейлер “тарихи Отанды сатып алу” жоспарын жүзеге асыра бастады. Осман патшасынан Палестинадағы 260 гектар жерді сатып алып, онда алғаш рет еврей жастары үшін ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын мектеп ашты. Ол мектепті “Микве-Исраэль”, қазақшалағанда “Израиль үміті” деп атады.
1917 жылғы санақ бойынша, Палестинаға көшіп келген еврейлердің саны барлық тұрғынның 7, ал арабтар 93 пайызды құраған. Араға 99 жыл салып, тағы бір санақ жүріпті.
2016 жылғы ресми мәлімет бойынша, Израильдегі тұрғындар саны 8 миллион 712 мың болса, соның ішінде арабтар 2 млн-ға да жетпей қалған.
Бүгінде еврейлер сатып алған жерін соғыспен, түрлі қуғын-сүргін жасай отырып, ұлғайтып, бұрынғы Палестина жерінің 83 пайызы еврейлердің билігіне өтті.
Осылайша,
Палестина 100 жылдың ішінде Израиль мемлекетіне кіріптар болғаны аздай, үлкен аумағынан айырылып қалды.
Таяу арадағы болашақта Палестинаның Израильден тәуелсіз жеке мемлекет болып қайта құрылуы екіталай.
Осылайша, шағын ғана бір мектептен басталған еврейлердің үміті толық ақталды.
2018 жылы Алматының қақ ортасында “Үміт” атты тағы бір мектеп ашылды. Бұл жолы үміттеніп, мектеп ашып отырған қытайлар еді…».
Бұған не дейсіз? Келісесіз бе, жоқ па?..