Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақтілді БАҚ-тарды көтеріп, «Цифрлық Қазақстанды» дәріптейтін үлкен жоба басталады

243

Осы орайда, Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры серіктестігінің қолдауымен қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша қайырымдылық жобасын жүзеге асырады.

«QDigitalInform»  2000-нан астам қатысушыны қамтитын, қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша еліміздің 7 өңірінде жүзеге асырылатын ерекше жоба.

Жоба а.ж. 12 қыркүйегінде Астана қаласында бастау алады. Шара аясында жастарға, IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздарына, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту семинары өткізіледі.

Екікүндік семинар мақсаты «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қажеттілігін түсіндіру, блокчейн технологиясы мен электронды құжат айналымының жүйесі туралы ақпаратты қазақ тілді аудиторияда дамыту Стратегиясын дәріптеу болып табылады.

Семинардың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Енсебаев, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Басқарушы директорының м.а. Мирас Иргебаев қатысады.

  • Өткізу уақыты: 2018 жылғы 12-13 қыркүйек, сағат 9:30-да.
  • Өткізу орны: Астана қаласы, ЭКСПО павильоны, Astana Hub технопарк технопаркі.

Қосымша ақпарат:

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында бастау алды. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру.

«Цифрлық Қазақстан» жобасы қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету мен дәріптеуге бағытталған. Жобаның мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.

Бағдарламаның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Қордың бенефициарлары қоғамның әлсіз топтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, күрделі диагнозы бар балалар, белсенді жастар, спорттық қоғамдастықтар, балалар үйлері, шығармашылық және ғылыми зиялылар.

«QDigital inform» әлеуметтік желілерде:

https://www.instagram.com/fcis.kz/

https://www.facebook.com/fcis.kz

https://fcis.kz/ ресми сайт

#QDigitalinform – бірегей хэштег

Құрметті бұқаралық ақпарат өкілдері!

Жобаға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Баспасөзбен байланыс: symbotika@bk.ru, +7 702 215 99 32 Сымбат Үсен

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз