Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Қазақтардың дәстүрі мықты…”. Оғыз Доған Қазақстанды неге таңдағанын айтты

101

Ал докторантурада диссертациямды қазақ тілінің фонетикасы бойынша қорғадым.

Түркияда жарық көрген алғашқы және жалғыз “Қазақ тілінің грамматикасы” кітабының авторымын.

Қазақ тілінің маманы, қазақ тілі бойынша академик ретінде Қазақстанға жиі келіп-кетіп жүрмін. Түркия мен Қазақстанның ортасында жүргеніме 20 жыл болып қалыпты.

https://kaz.365info.kz/orystardyn-makhsaty-sol-edi-ogyz-dogan-khazakh-tiline-zhasalgan-khastandykh-turaly-shyndykhty-ajtty-293899

Ал қазіргі тірлігім – “Алашорда қозғалысы” атты кітабымды жазу үстіндемін.

Түркияда шығатын “Қазақ елі” атты журналдың Қырғызстандағы тілшісі деген тағы бір қызметім бар. Осыған байланысты Қазақстаннан бөлек, Қырғызстанда да жиі боламын.

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері көп көмектесті

– Қазақ тіліне деген қызығушылығым сәби кезімде пайда болды десем, артық айтқаным емес. Өйткені анамның ұлты – қазақ. Қазақ тілін сол үшін де ана тілім деп есептеймін. Шешем қазақ болғандықтан, Түркияда мектепте оқып жүргенде өзімді ерекше жан ретінде сезініп өстім. Ғылым жолына түскенде түркология факультетін әдейі таңдадым. Ойым – түрік халықтарының тіліне, мәдениетіне қызмет ету болды.

Қазақ тілін үйренуіме Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері көп көмектесті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін енді алайын деп жатқанда мен Мағжанның өлеңдерін жатқа оқыдым.

Мағжанның өлеңдері арқылы қазақ тілін үйрендім.

– Отбасыңыз туралы айтып беріңізші…

https://kaz.365info.kz/tyrikten-yyalgan-khazakh-zangeri-yshakhtagy-til-maselesimen-ozi-ajnalysatynyn-malimdedi-video-276346

– Жұбайым бар, екеуміз Қазақстанда тұрамыз. Ол кісінің мамандығы – музыкант. Филармония оркестрінде флейтада ойнайды.

Өз болашағымды Қазақстанмен байланыстырам

– Барлық еңбегімде жазып жүргенімдей, мен Қазақстанның жақын болашақта түркі әлемінің көшбасшысы болатынына сенемін. Осыны ғылыми деректермен дәлелдей аламын. Түркияда өткізген конференцияларымда, жазған мақалаларымда осыны айтумен жүрмін. Неге дейсіз ғой? Өйткені, біріншіден,

қазақ халқы басқа түркі халықтарымен салыстырғанда біздің көне түркібабаларымыздан қалған салт- дәстүрді ең таза қалпында сақтаған халық.

Екіншіден, қазақ халқы түркі халықтарының ішінде намысшыл халық. Үшіншіден, қазақ халқының тарихында “Алашорда” деген кезең бар. Одан бұрын “Қазақ хандығы” деген кезең болды. Бұл – әрбір қазақтың генетикасына сіңген нәрсе.

https://kaz.365info.kz/tanya-khazakhsha-amandasyp-tyr-dogan-dauynan-son-ejr-astanada-ozgeris-bolypty-277325

Мені қазақ халқы “Air Astana”, “Қазком” оқиғалары арқылы таниды, бірақ, мен ширек ғасырдан бері қазақ халқына, қазақ тіліне қызмет етіп келе жатқан адаммын. Университетті бітірген кезден бастап қазақ тіліне академиялық, ғылыми деңгейде қызмет етумен келемін. Сол үшін өз болашағымды Қазақстан Республикасымен байланыстырамын.

Қазақстан өзінің экономикасымен, демократиясымен, адам құқығы мен адам теңдігін қорғай білуімен Орта Азияның көшбасшысы болуға ең лайықты мемлекет деп есептеймін.

https://kaz.365info.kz/qazkom-dagy-khazakh-khyzy-memlekettik-tilde-sojlemej-tildik-zhanzhal-tugyzyzdy-312786

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз