Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақтар өзіне жарды қалай таңдаған – ұлттық салт-дәстүр туралы шындық

254
Фото: orexca.com

Әңгімені әріден – жар таңдаудан бастаған болсақ, онда қазақтардың неке мен отбасы институтында алдын ала анықталып қойған деген ыңғайлы түсінік болғанын айта кету керек.

Бұл өмір ағымын реттеп, қажетсіз алақ-жұлақ тірліктерден босатқан, әрі ұзақ мерзімді адами қарым-қатынастардың негізін қалады.

Қазақ некелерінің барлық реңкі

Басқаша айтқанда, шатасулар мен былық болған жоқ. Қазіргі хаос болған жоқ. Әрбір кішкентай қыз болашақ күйеуінің кім екенін білді. Әрбір кішкентай ұл болашақ әйелі кім екенін білді.

Өйткені, құда түсу алдын-ала жүргізілді: балалар аналарының құрсағында жатқан кезде-ақ атастырып қоятын, сол сәттен бастап бұл отбасылар бел құда саналатын.

Кейде тіпті балаларды шақалақ кезінде “үйлендіретін”. Бұл жағдайда болашақ туыстар бесік құда атанатын. Бұлай әдетте туыс болғысы келіп жүрген жақын достар жасайтын.

Сондай-ақ бауыздау құда деген де болатын. Біртүрлі аталады, шыны керек. Бірақ жаман ештеңесі жоқ. Қан ағызып уәде беруге ұқсас. Мұндай жағдайда қой бауыздап, туыстықты осылайша бекіткен.

Жалпы, айтып өткенімдей, әр кішкентай бала болашақ қалыңдығы кім екенін біліп жүрген. Қалыңдығы да бойжетіп, оны ойлап жүр, оның әйелі болуға дайындалып жүр деген оймен өседі. Кішкентай кезінен оған осы ойды құяды. Алайда, ол қалыңдығын тек ес біле бастағанда көруге рұқсат алған.

Сондай-ақ, кейде бай ата-аналар ұлына лайықты жар табу үшін ауыл-ауыл аралап жүрген. Қыз таңдау деп аталатын кастингке ұқсас салт жасаған. Талаптары да жоғары болған.

«Тексізден қатын алма», – дейтін. Яғни: «Ұятсыз, тиянақсыз, пәс, тегі нашар отбасынан қыз алмау».

Қарсы құда деген де болған. Құдалар екінші рет бір-біріне құда болатын жағдайлар, яғни басқа балаларын да үйлендіріп, тұрмысқа бергенде. Екінші және үшінші рет қайта құдаласудың мақсаты – сүйек жаңғырту болған.

Сондықтан «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деп бекер айтылмаған. Осылайша, бәрі басынан анықталып қоятын болған. Туыс болуды ересектер шешкен.

Ата-бабамыздан «өңделген» пайымдар

Балалардан, әлбетте, ешкім рұқсат сұрамаған. Олардың пікірі ешкімді қызықтырмады. Не үшін қызықтыруы керек? Кішкентай бала мұндай маңызды тақырып туралы не білсін?

Сондықтан анасы бір ұлды меңзеп, қызынан:

«Салимушечка, ана ұлға тұрмысқа шыққың келе ме? Қарашы, қандай жақсы бала? Әкесінің алты жүз жылқысы мен үлкен ақ киіз үйі бар» деп сұрамаған.

Немесе, әкесі ұлына:

«Борсықбай, бері кел. Ана қызды қарашы. Қысқасы, сен соған үйленесің. Олардың ханға жақын туыстары бар» демеген.

Бәлкім, бүгінде мұндай тәсіл біршама қызық көрінер, бірақ ежелден санаға сіңіп, осы күнге дейін келе жатқан ескі қағидалар да бар.

Алайда, бұл жерде бір шынайы түсініктеме бере кету керек сияқты. Олар бізге өте үлкен өзгеріске ұшырап жеткен. Иә, қазіргі кезде ата-аналардың көпшілігі, өздерінің өсіп келе жатқан балаларына қарап, сырттай болашақ күйеу бала, келіндерін сүзгіден өткізе бастайды. “Болады-ау” дегендерін іріктейді, араластырады, балаларының санасында біртіндеп ой қалыптастырады.

Қарапайым мысал келтірейін.

Анасы: – Тыңдашы, Магрипушечка. Ана Мыркымбаевтар есіңде ме? Үш қабатты үйлері бар. Олардың ұлдары Гарвардта оқитынын білесің ғой, иә.

Қызы: – Бойы бір де алпыс. Мұрыны пұшық.

Анасы: – Қызықсың. Мұрнын қайтесің оның? Түріне шәй құйып ішесің бе. Бойы кішкентай болса, қазір сәнді емес пе. Италиялықтарды қарашы. Олардың бәрінде еркектерінің бойы қысқа.

Немесе.

Әкесі: – Тырқымбай, мында келші, әңгіме бар. Қысқасы, былай. Бастығымның қызы бар. Күйеуге шығатын уақыты болды. Сондықтан сен соған үйленесің. Түсіндің бе?

Баласы: – Ұсынысыңызды естідім, ойыңызды түсіндім. Бірақ мен ол қызды көрдім. Аяғы қисық қой.

Әкесі: – Қандай ақымақсың? Аяқтарын қайтейін деп едің, жарымес?! Мен жұмыс туралы айтып тұрмын. Маған сенші: әйелдерде бәрі бірдей.

Мүмкін, мен асыра сілтеп жіберген шығармын. Бірақ мағынасы осындай. Осыған ұқсас әңгіме барлық қазақ отбасында айтылады.

Дәстүрдің шынайы мағынасы

Алайда, білесіз бе, менің ойымша, бұрын балалардың тағдырын тереңірек ойлаған. Кеңінен.

Терең және кең мағынада бұл дәстүрдің стратегиялық маңызы зор болған. Ең алдымен, ұрпақ жалғастыру тұрғысынан маңызды. Сондықтан ата-аналары қыздың отбасында түрлі аурулардың бар-жоғын алдын-ала анықтаған. Әсіресе психикалық аурулар. Маскүнемдер мен қаскүнемдер, ұрылар, жемқорлар мен араздастырғыштар болған-болмағанын тексерген.

Бұл оның табиғи сұлулығы мен бірнеше минут ішінде дастарханды жинап тастау қабілетіне айтарлықтай бонус ретінде қарастырылған

Егер әйелдікке үміткер қыздың ата-бабасында атақты ақындар немесе әншілер, батырлар немесе төрешілер болса жақсы деп саналған.

Сонымен қатар, бұл дәстүр саяси маңызға ие болған. Тіпті дұшпандарымен де қалыңдық “алмасқан” – болашақта араларында дау-дамай болмауы үшін. Бұл олардың көрегендігін білдіреді. Сен сосын өз туысыңа қалай соғыс ашасың?

Лирикалық шегініс — шала-қазақтар туралы

Дегенмен… білесіз бе, ұлтаралық некелер сол кезде де болған. Мен тек түркі халықтарын айтып отырған жоқпын. Олардың діндері әртүрлі болса да, мысалы, сол қалмақтар немесе ноғайларды алайық, өмір салты біздікіне, қазақтардікіне ұқсас болды. Яғни, көшпенді. Қазір мен православтар туралы айтып отырмын. Христиандар немесе тіпті католиктер дейік.

Олармен де отбасын құрды. Осы үшін біреулері тіпті өз діндерінен де бас тартты. Әдетте қыздар осылай істеді. Олар мұсылмандықты қабылдады. Бірақ керісінше болған кездер де бар. Неғұрлым кейінірек кездерде. Ресей ауылдарында жалданып жұмыс істеген жас қазақ жігітері жергілікті сұлуларға үйленді. Бірақ, бұл өте сирек кездесті.

Міне, сол кезде “шала қазақ” деген түсінік пайда болды. Аралас некеден туылған балаларды осылай атай бастады. Яғни, оларды “таза қазақ емес”, “жартылай қазақ” деп атаған. Бұл анықтамада қосымша жағымсыз мағына болған жоқ. Тек анықтама.

Уақыт өте келе ол жағымсыз, тіпті бөтенсуді білдіретін болды. Жақтырмау болып табылды. Тағы да, әртүрлі “патриоттар” барын салып, тырысты.

Алайда әлемде көптеген ұлттар бар. Олардың нақты санын да білмеймін. Бірақ әлемнің еш жерінен шала-америкалық, шала-қытай немесе шала-жапон… деген сөз естімедім. Дәл қазіргідей мағынасында. Біздегі мағынасында.

Бізде “шала қазақ” деген, қан құрамының пайызын емес, мүлдем басқа нәрсені білдіреді. “Бөтен”, “бірдеңеден айырылған” дегенге жақын. Әлдеқайда төмендететін “қазақ болмай қалған” дегенді меңзейді.

Неліктен бәрі басқаша…

Иә, бұрын еркін далада бәрін алдын ала анықталған болды. Менің ойымша, ондай керемет дәстүрлер адамдардың өмірін едәуір жеңілдетті. Қазіргі заманғы әдет-ғұрыптар күнделікті ұстанымдарды қатты бұрмалаған.

Бұл онсыз да түсінікті: біздің ата-бабамыз қанша әлеуметтік толқулар мен түрлі әлеуметтік жағдайларды бастан өткерді! Кейінірек бостандық әперуші әйелдер көп нәрсені бұзды. Бір құқық пен жалақыны талап етушілер.

Олар қайдағы бір сезім, махаббат, азап туралы айта бастады. Олар қарым-қатынаста романтиканы қалады. Әдемі құрмет көрсетілгенін қалады. Бүгінгі күні олар ерекше, жалғаспалы емес, бәрінен өзгеше нәрсе бер дейді. Конвейер әзірлеген емес, шебердің қолынан шыққанын сұрайды. Сөйтіп қиындық туындады. Өйткені өзіне керегін таба алмай жүр.

Өйткені, алты жүз жылқысы бар және балконды үш қабатты ақ киіз үйі барлар Ахматованы әрдайым оқи бермейді және Мұқағали Мақатаевтың кім екенін білмейді. Ал Мұқағали мен Марина Цветаеваның кім екенін білетіндерде ондай жылқы жоқ. Оған қоса, олар мал қораны да, киіз үйді де көрмеген. Ол туралы мүлде ойламайды.

Ал ондай жайма шуақ кездерде, тағы да айтайын, балаларына лайықты жарды ата-анасы таңдаған. Бұл лайықты іс. Өйткені ата-анасы кімге тұрмысқа беру және кімге үйлендіру керектігін жақсы білген. Басқаларға қарағанда мәртебесі, ойлау дәрежесі, географиясы бойынша кімнің лайықты екенін де жақсы сараптай алған. Өте ыңғайлы еді.

Өтірік ертегі

Түсініктірек болу үшін айтайын, бұрындары “жигулиге” КамАЗ-дың дөңгелегін тақпаған. Болмаса, сайын далада кроссовкимен ешкім смокинг кимеген. Ондай жайсыздық болмаған.

Бәрі орнымен, ешқандай бас ауырту болмаған. «Тең теңімен, тезек қабымен». Яғни, кинодраматургия шебері ВалерСеменыч Фрид айтқандай: “Аскөкті аскөкке қосамыз, ал шаяндар шетке тұрсын”. Хан қызының малшыға тұрмысқа шығуы деген немесе керісінше болмаған.

Жоқ… Ертегілерде айтылатын. Бәріміз оқыған шығармыз. Немесе естідік. Бір қойшының байдың сұлу қызына ғашық болғаны, қыздың да оны ұнатып, екеуі бірге түннің ішінде қашып кеткені, артынан қуғыншы шығып, екеуінің бірін-бірі жақсы көретінін көргенде, мейірімділіктері оянып, көздеріне жас алып, екі ғашықты миллиондаған раушан гүлі өскен жазық даланың ортасында жалғыз қалдырғандығы…

Иә, әдемі. Бірақ шынайы өмірде мұндай болмай ма деп қорқамын. Мүмкін, бар шығар. Өтірік айтамын. Болған. Ондай да былық болған. Бірақ соңы жақсы аяқталғаны, жазасыз қалғаны сирек. Сезімге еріп, қашып кеткен ғашықтарды әдетте қуып жетіп, жазасын берген. Кейде өлім жазасына кескен. Ұстаған жерлерінде.

Лирикалық шегініс – татулықты түсіну туралы

Қазіргі күні бай олигархтың қызы үйіне сантехникті ертіп келуі мүмкін. Немесе одан да төменін – көлік аялдамасының күзетшісін. Көрдіңіз бе, олардікі махаббат. Түсіністік бар. Олардың ойлау деңгейлері де бірдей. Әлемді ұялы телефондары арқылы таниды.

Байғұс алигарх қайда барсын? Амалы жоқ. Енді ол күзетшінің үстіндегі шаңды сүртіп, сезімін оятады, қымбат дүкеннен киіндіріп, адам кейпіне келтіріп, мықты кеңсеге бастықтың орынбасары ету үшін сүйрейді. Күйеу баласы аң-таң. Түк түсінбейді. Қолынан да келмейді.

Өзіне білдірген сенімді ақтаудың орнына, ол өзі сияқты “достарын” жинап алып, қолынан келгенін істеуге толықтай кіріседі.

Полиция қызметкерлерімен “түсіндің бе” деп сөйлеседі, түнгі клубтарда қыздарды қолы тиген жерінен ұстап, күзетшілермен бірдей төбелесе кетеді, қалғандарына жағымсыз сөздер айтады. Содан кейін әйелінің туыстарына оны біресе ана былықтан, біресе басқасынан шығаруға тура келеді. Енді қайтеді, махаббат бар араларында…

Ал егер, ақылды қыздары қымбатты ата-анасына қырсығып, еркіне жүрмегенде, теңі емес адамға ғашық болмағанда, дәстүрді ұстанғанда, бесікте жатқан кезінде сыйлы адамдардың баласына атастырылып қояр еді. Сонда мұндай жағдай болмас па еді.

Сол себепті көзқарасы күзетші деңгейіндегі балалар әл-Фарабидің бойымен алты жүз жылқының күші бар джиппен алдыға-артқа жүйткіп жүр. Үйлену тойларында тікұшақпен жүреді. Зәулім сарай пішінінде жасалған, биіктігі түйемен бірдей торттар пісіріледі, жалпы…

Отбасын құру үшін емес, бүкіл әлемге әйгілі болатын той жасап, ұзын машиналармен серуендеп, той көйлегін кию және фотоға түсіп құрбыларына вотсаппен жіберу үшін тұрмысқа шығатын сияқты.

Ертеңіне ата-анасы балаларының былықтырғанын реттеу үшін сот орындарына мың барып шаршайды…

Соңғы сөз орнына…

Неге олай? А патамушта-патамушта! Басқаша. Араласып кетті. Өйткені кезінде ата-балаларымыз: «Тең теңімен!» деп айтып кеткен еді. Соның жазасы.

Бәрі шатасып кетті, құлады да, төңкеріліп қалды. Орынды дәстүрлерді, қарттардың өсиеттерін ұмытпай еске алғанда, мұндай былық болмас еді. Жарайды, мен қалжңдадым. Шын айтамын, қалжың. Неге тыжырына қалдыңдар? Ары қарай айтайық. “Қазақтар қыздарын қалай тәрбиелегенін” айтайық.

Жалғасы бар…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз