Алматының “Қайратында” үш маусым өткізген орыстың бұрынғы жұлдызды футболшысы Андрей Аршавин осы аптаның аяғында Алматымен қош айтыспақ.
Андрей кеше Youtube-арнасында комментатор және влогер Евгений Савинге сұхбат беріпті. Оның ішінде Қазақстандағы өмірі туралы да біраз әңгіме айтыпты.
– Бұл елге алғаш келгенде менде ешқандай шок (мә, масқара ғой деп есеңгіреп қалу) болған жоқ. Бірақ енді мойындау керек, Қазақстандағы футбол алаңдарының жағдайы мәз емес, ал стадиондары тіпті советтік заманнан сол күйі қалған. Негізгі көзге түскені осы болды. Таза советтік қалалар бар, бірақ Алматы мен Астана – дамыған, заманауи қалалар. Бірақ енді «Оқжетпеспен» ойнағанда Көкшетау қаласын көрдім – таза Советский Союз екен әлі.
Қазақтың қай тамағын жей алмадым?
Бесмармақ деген ұлттық тағамы ұнамады маған – майы шылқылдаған нан, кесек-кесек қара ет…
Қазақстанда жалпы, анау орыс, мынау басқа деп қысымшылық жасау жоқ, өйткені бұл жерде түрлі ұлт өкілдері көп. Бұл Қазақстанның жақсы жері, мұнда әркім өзін еркін сезінеді. Орыс тілі жаппай қолданыста,
қазақша түсінбесең де, сөйлей алмасаң да ешкім оны сенің бетіңе салық етіп баспайды.
Қазақстанның жаман жері дейсіз ба?
Не деймін енді, жалпы қазақтарды қу халық дейді.
Бірақ енді жаһандық тұрғыдан алғанда бұл негізі тұтас ұлтқа емес, жекелеген адамдарға адамдарға байланысты ғой, – депті Аршавин.
«Қазақстан Ресей сияқты, бәрі орысша сөйлейді» – Андрей Аршавин
«Қайдағы Аршавин?..». Орыстың сылқымы Найманмен жүргенін мойындады (видео)