Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қайдағы Аршавин?..”. Орыстың сылқымы Найманмен жүргенін мойындады (видео)

166

Аршавиннің әйелі ФСБ-да істейтін қызғаншақ біреу екен…

– Ойбай, Құдай-ай, Аршавинмен менің ешқандай байланысым жоқ. Иә, бір кеште суретке түсіп қалған екенбіз, сол дүйім әлемге масқара болды емес пе? Құшақтасып түскен видеомыз қалай Интернетте пайда болды, солай бірнеше минут та өткен жоқ шығар, оның әйелі маған шықты. Инстаграмм арқылы. Бастапқыда әңгімеміз өте мәдениетті түрде өрбіді. Мен, тіпті сенгем жоқ басында, Аршавиннің әйелі бір суретке бола ма маған шығып отыр ма деп күмәндандым.

Араларыңда не болды, деп сұрады. Әрине, мен ештеңе болған жоқ, тек кездесіп қалдық, сөйтіп құшақтасып суретке түстік, болды дедім. Бірақ менің жауабым оны қанағаттандырмады. Сөйтіп балағатқа, одан соң қоқан-лоққыға көшті. Мүмкін емес, бұл Аршавиннің әйелі емес шығар деп ойладым. Жалған аккаунт болуы да мүмкін ғой. Мені жынды қып отырған біреу шығар деп топшыладым.

„Дура, тупая„ деген ең жұмсақ сөзі шығар. „Саусағыңды кесемін„ деп те қорқытты. Оны қалай тоқтатарымды білмей дал болдым.

Қазір ғой, бәрін күліп еске аламын. Бірақ ол кезде қиын болды. Жедел жәрдем шақырған кезім де болды, Аршавиннің әйелінің әңгімесінен соң.

Бірнеше баласы бар 35 жастағы әйел. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. Әрине, менің төбе шашым тік тұрды. Не істерімді білмей, Аршавиннің өзіне хабарластым.

https://kaz.365info.kz/najman-zhigitteri-khuatty-keledi-eken-ekspony-sekspo-zhasagan-eki-ajeldin-angimesi-271111

– Андрей, ана әйеліңді сабырға шақыршы. Айтпаған сөзі жоқ, қоқан-лоққыға көшті. Енді не істеймін, заң органдарына жүгінем, басқа менің амалым жоқ.

– Менің нөмірімді қайдан алдыңыз?

– Ойбай, өзің бергенсің„ дедім.

– Білмеймін, есімде жоқ – дейді әлгі. Ашуланып кеттім: „Түсінікті, онда сен есіңе түсіре бер, мен Бас прокуратураға өтініш жазуға кеттім„ – дедім.

Менің қорыққан себебім, Аршавиннің әйелі ФСБ-да істейді екен. Маған өзі солай айтты. „Сенің қалтаңа есірткі салып, көзіңді құртам, міне, Алматыға билет алып ұшып барам„ деді емес пе?..

Бас прокуратураға шағымдандым. Сол дұрыс болды. Ол мені ақымақ деп ойлады. Ал мен желідегі бүкіл қоқан-лоққысын скриншоттап, нотариусқа барып растатып алдым. Ештеңе дей алмай қалды ғой екеуі.

Аршавиннің әйелінің кесірінен жүріп жүрген жігітімнен айырылдым

– Біреулер мұны мен пиар үшін жасады деп ойлайды. Құдай сақтасын, мұндай жайтты ешкімнің басына бермесін. Бүйтіп қиналып пиар жасамай-ақ қойдым. Елдің аузына қақпақ бола алмайсыз ғой. Айтса, айта берсін, не істеймін енді. Ал шындығы осылай. Менің, менің ата-анамның денсаулығына көп зиян келді. Телеарнаны қосып қалсаңыз менің суретім. Әбден шаршадым. Бәрін ұмыту үшін Австрияға да кетіп қалдым.

https://kaz.365info.kz/eshkimge-khypiya-emes-khuat-najman-golovkinnin-khulygyn-ashyp-berdi-266539

7 жыл жүрген жігітіммен қатынасымды үзген соң, екі жылдан кейін енді ғана өмірімде бір жігіт пайда болып еді. Быт-шыт болды. Аршавиннің әйелі құртты оны да. Ол да осы әңгіменің жетегіне кетті. Маған сенбеді. Ал мен сатқындық жасайтын адам емеспін. Ондайды жек көрем. Ондай сенбейтін, сатқын адамды жанымда ұстап қайтем, ештеңе демедім, үнсіз қала бердім.

 

Тоқал болсам да қазаққа тигім келеді

– Маған сүйісуді үйреткен қазақ жігіті. Аты – Данияр. Қазақ жігітіне күйеуге тигім келеді. Менің алғаш жүрген жігітім қазақ болғаннан соң шығар. Онда да Найман, онымен жеті жыл жүрдік. Қиын болды. Ауылда өскеннен кейін бе, маған қарапайым адамдар ұнайды. Қазақ жігіттері қарапайым ғой. Бірақ мен күйеуге тие алмадым, қазаққа. Өйткені оның отбасы менің ұлтыма қарсы болды. Олар мені орыс деп ойлады, бірақ мен орыс емеспін, гагаузбын ғой…

https://kaz.365info.kz/myna-najmannyn-mashinesine-zhyrt-khyzygady-279057

 

Жалпы, қазақ жігіттері қызды күте алмайды. Одан соң понттары да көп. Понтсыз қазақ – қазақ емес деген сөз бар ғой. Ол рас шығар. Несие де көп алады. Бірақ бұл жаман. Соны біле тұра оларды жақсы көрем.

Өзім „офигенный келін„ боламын деп ойлаймын. Басыма тиді, енді ауылдың емес, қаланың современный қазағына күйеуге тигім келеді. Тоқал болуға да әзірмін. Тек арада сезім міндетті түрде болуы керек. Тоқал алу деген өзі қазақтың атадан келе жатқан дәстүрі емес пе? Қазақтар бірнеше әйел алған. Ал қазір сол қазақтар неменеге „ұят, ұят„ деп шулайтынын түсінбеймін.

 

Табыстымын, маған қандай да бір „ағашканың„ керегі жоқ

– Фотомоделмін, жеке бизнесім бар, одан бөлек заң бойынша кеңестер беремін. Тапқан табысым бір басыма былай жетеді. Мысалы, тыр жалаңаш суретке түскем. Ол үшін көп ақша аламын. Ол сурет Чехияға кетті. Бұл суреттер Интернетте жарияланбайды. Суретші қолына түседі. Жалпы, менің түр-әлпетім Чехия үшін эталон боп саналады. Бір суретім 1000 доллардан аса бағаланады.

https://kaz.365info.kz/najman-a-k-lgen-adamny-basynda-gramm-a-yl-zho-220224

Өзім Отарда ауылда өстім. Айтқанымнан қайтпайтын мінезім бар. Бәрі жігітше болғанды жақсы көрем. Екіжүзділікті, әділетсіздікті жек көрем. Үнемі ата-анамды мектепке шақыртатын. Мені емес, мен ұлдарды сабап тастайтынмын. Сондай бір озбыр, адуынды мінезім бар. Қазіргі жеткен жетістігіме сол мінездің арқасында жеттім. Оған қандай да бір „ағашкалардың„ қатысы жоқ. Ол менің табиғатыма жат қылық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз