Айтсаң – сөз өледі, айтпасаң – сөздің атасы өледі демей ме?
Биылдан бастан аралас мектептерде орыс сыныптарының саны күрт өсіп кетіпті.
Қазақтар балаларын орыс сыныптарына беріп жатыр дейді.
Бұрын орыс тілді сыныптар аз болғандықтан оқулыққа тапсырыс та аз берілген. Енді олардың күрт көбеюі орыс тілді оқулық пен мұғалімдерге қажеттілік туғызып жатқан көрінеді. Жаңадан орыс тілді сыныптар жасақтауға кірісіпті. Бізде кері процесс басталған ба? Бұл сонда не болды өзі? Қайда бара жатырмыз?
Серік Жанболат
Фейсбуктегі парақшасынан