Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақтан шыққан Моцарт: Рахат-Би Абдысағын бағындырған биік

409

Шетелдіктер Рахат-би Әбдісағынды қазақтың Моцарты деп атайды. Ол 12 жасынан ән жазып, 18 жасында магистратураны тәмәмдаған. Осы уақыт ішінде 100-ге жуық шығарма жазды. Оның туындылары Еуропаның көптеген сахнасында шырқалды.

Жуырда ғана тек атақты композиторлардың туындыларын жариялайтын элиталы Verlag Neue Musik неміс баспасы қазақтың жас композиторы Рахат-Би Абдысағынның партитурасын басып шығарды.

Рахат-Би – әлемге танымал каталогқа шығармасы енген алғашқы қазақ музыканты.

Немістің Verlag Neue Musik баспасының 60 жылдық тарихы бар. Мұнда төрткүл дүниеге аты мәшһүр Бах, Моцарт, Чайковскийдің шығармалары басылып шыққан.

– Каталогтан Британия, Қытай, Италия композиторларының шығармаларын табуға болады. Енді олардың қатарында қазақстандық өнер иесінің де туындысы бар. Біз оның музыкасынан ерекше құдіретті байқадық. Сазы жүрекке жетті. Сол үшін келісім жасадық, – деді Verlag Neue Musik баспасының шеф-редакторы Кристоф Таггатц.

https://kaz.365info.kz/ony-motsart-dejmiz-sheteldik-anshiler-myna-khazakhkha-zhappaj-an-zhazdyrtyp-zhatyr-269974

Қазір шетелдің атақты әншілері мен классикалық өнер майталмандары өздерінің орындауындағы әннің сазын Рахат-Би Әбдісағынға жазғызатын болған. Тапсырыс өте көп.

Райнберт Эверс қазақстандық композитордың өнеріне жоғары баға берді. Мюнстер университетінің профессоры, гитарист «Тень Альгамбры» композициясын ойнады. Бұл туындыны Рахат-би Райнберттің тапсырысы бойынша жазып шыққан.

Райнберт Эверс, Мюнстер университетінің профессоры:

– Бір кездері Рахат-биге маған арнап шығарма жазып берші деп қолқа салдым. Өтінішімді жерге тастамады. Енді соны орындап шықтым. Өте керемет.

Рахат әр нотаны жүрегімен сезеді. Ол – талантты, дарынды композитор.

„Жыл құсының көз жасы„ атты шығарманы Рахат-Би 13 жасында жазып шыққан.

Ол Шыңғыс Айтматовтың кітабын оқып шыққаннан кейін осындай туынды дүниеге келгенін айтады. Иә, оның ерекше қабілеті оқыған, көрген дүниені жан-тәнімен музыка тілімен жеткізеді.

Рахат-би әу, бастан ең деген атақты иеленіп отырды: ең жас талант, „Дарын„ мемлекеттік сыйлығының ең жас иегері, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жалғыз ең жас мәдениет қайраткері, ол 17 жасында ТМД-ның парламентаралық ассамблеясының „Мәдениет және өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін„ құрмет белгісімен мараптталған,    қазіргі музыка композиторлары мен орындаушылары халықаралық Impuls академиясының ең жас қатысушысы (Грац, 2013,2015,2017), ISA (Мюрццушлаг, 2015), KlangZeitMünster (Мюнстер, 2016), ең жас дәріс оқушы, ICTM 2015.

Ол – Алматыдағы 159 гимназияның түлегі. Рахат-Би 13 жасында студент атанып, ал 17 жасында магистратураны тәмамдаған.

Бұл тек Қазақстан ғана емес, әлемдік тәжірибеде сирек кездесетін құбылыс. Қазақстан композиторлары ішінде тек соның – ең жас таланттың өнер туындылары Оңтүстік Иллинойс (АҚШ) университетінде «Discography» оркестрімен орындалған фортепиано шығармаларының Бүкіләлемдік қорына енді.

https://kaz.365info.kz/dimash-kokzhiegi-alemdi-tamsandyrgan-amireden-kejingi-erekshe-dauys-iesi-288219

Міне, бізде биіктерді бағындырып жүрген ел мақтанар осындай ұл бар. Ендеше осындай елім дейтін ұлға жүректеріміз неге елжіремеске? Шын талант иесіне қолдау білдіріп, таза ниеттес, ақ тілектес бола жүрейік!

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз