Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстанның «жасыл» технологиялары ЭСКАТО-да сөз болды

Мәлімдеде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес әлеуметтік бастама аясында айтылған әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар аталып өтілді. Және де сол аталған шаралардың сессияның бас тақырыбы: «2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы Күн тәртібі дәуіріндегі теңсіздік» контексіндегі маңыздылығы айрықша айтылды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат сессия барысында

Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «жасыл» технологиялар орталығы, IT-стартаптарды дамыту жөніндегі хаб сияқты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің орнында ашылған бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асырылу жайы туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.

Сөз соңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді ЭСКАТО-ға қатысушы-мемлекеттерді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қорының қорғаныс бюджеттерінің 1 пайызын тұрақты даму мақсаттарына бөлу қажеттілігі жөніндегі бастамасына қолдау білдіруге шақырды.

Шара аясында сондай-ақ Мұхтар Тілеуберді БҰҰ бас хатшысының орынбасары һәм ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Ш.Ахтар мырзамен, КХР сыртқы істер министрінің көмекшісі Ж.Тсунмен және де Тынық Мұхит аралдарының даму жөніндегі форумының бас хатшысы Ф.Мартелмен екіжақты кездесулер өткізді.

  • Айта кетсек, БҰҰ-ның Бангкоктегі Азия және Тынық мұхит аймағы елдеріне (ЭСКАТО) арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 74-ші сессия жұмысына 50-ден астам мемлекеттің өкілдері қатысты.
  • Сессияға қатысушылар Азия-Тыных мұхиты өңірі бойынша дамудың көкейкесті мәселелерді талқылап, Комиссияның өткен кезеңде атқарылған жұмыстарын саралап, тиісті қорытындылар шығарды.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз