Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Аптап ыстық болады”. Маусым айына арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с-қа жетеді.

1 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыс желі (15-20 м/с) ұйытқиды. 2 маусымда 0-2 градустық үсік жүруі ықтимал.

Келесі аптаның ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы оңтүстік-батыс ауа массасының жылжуымен кәдімгідей жазғы, ашық ыстық ауа-райы күтіледі.

Қазақстанның солтүстік жартысында температура көтеріліп, 28 дейін, ал оңтүстікте 38 дейін ыстық болады. Соның артынан бірінші онкүндіктің соңында бұрыңғыдан кем емес суықтың қарқынды толқыны күтіледі.

Күнілгері болжамға сәйкес екінші онкүндіктің басында және үшінші онкүндіктің аяғында салқындаудың екі кезекті толқыны күтілуде.

Қорытындысында маусым айының орташа ауа температурасы көпжылдық мәндерге жуық болады, тек республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығыс аймақтарынан басқа, онда ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.

Жауын-шашынның орташа айлық мөлшері республиканың көптеген облыстарында нормаға жуық және нормадан артық болады, тек Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында нормадан төмен болады деп болжануда.

Ескерту: Консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілетін болады.

 

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз