Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанның көлік нарығы-2020: Дағдарыс кезіндегі өсім

166

Мұның құпиясы неде?

Коронавирус пен карантин көптеген отбасыларға кірістің төмендеуіне әкелді, сондықтан жаңа көлік сатып алу бүгінгі күні өзекті емес көрінеді. Бұл ретте «ҚазАвтоПром» сарапшылары 2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша қазақстандықтар 61,3 мыңнан астам жаңа жеңіл автокөлік сатып алғанын атап өтті, бұл бір жыл бұрынғы нәтижеден 24,1%-ға жоғары. Автокөлік нарығындағы тұтынушылық белсенділікке не итермелейді?

Бұл сұраққа жауап бере отырып, дилерлер бірқатар қызықты жайттарды алға тартады. Сатылымның өсу фактісі көрсеткендей, көптеген елдерде жаңа көлікті алу ертеңге қалдырылмайды. Бұл кезекте теңгенің девальвациялану қаупі маңызды рөл атқарды,  адамдардың өз жоспарларын тезірек жүзеге асыруға деген ұмтылысы осыдан шығады, бұл – дилер бағаның кезекті көтерілуін жариялағанға дейін. Тенденция премиум сегментінде, сондай-ақ бүгінгі таңда ең танымал кроссоверлер сегментінде айқын байқалады.

Ең бастысықолайлылық

Кроссоверлерге деген сұраныс қарапайым түрде түсіндіріледі: тұтынушы табиғатқа, тауға шығу үшін асфальтта ғана емес, барлық жол түрінде сенімді түрде жүре алатын әмбебап көліккті иеленуге тырысады. Әрине, осы тұрғыдан алғанда, жол талғамайтын көлік көптеген адамдар үшін арман болып қала береді, бірақ кез-келген толық өлшемді жол талғамайтын машина көп отынды тұтынады, сонымен қатар оған жылдық салық та жоғары. Сондықтан барлық жағынан қол жетімді кроссоверлер ең практикалық саналып, жаппай таңдауда қала бермек.

– Қазақстандықтар автокөлік таңдауда барынша тиімді бола түсті, – деді бізге Toyota City Almaty автоорталығында. – Көлемі 4 литрден асатын кез-келген көлікті (үлкен жол талғамайтын көлік қана емес, сонымен қатар люксті седан) сатып алғанда, сіз қозғалтқыш салығын күрт арттырасыз. Одан да екі немесе үш литрлік турболанған машинаны алып, аз салық төлеген дұрыс. Бірақ бізде басқа (еуропалық) шектен шығу жоқ: қазақстандықтар шығынның аздығымен байланыстыра аз литражды сатып алуға ұмтылмайды. Кішкентай авто, әрине, практикалық, бірақ беделді емес, мұндай таңдау мәселесінде Қазақстан Америкаға көбірек ұқсайды.

Дилерлер атап өткендей, қазіргі жағдайда сатып алушы үнемдеуге тырысады, бірақ барлық мәселеде емес. Ол автомобиль нұсқаларына аса талапшыл және талғампаз бола бастады. Мұнда заманауи қауіпсіздік жүйелері бірінші орынға шығады: эйрбэгтер саны, шұғыл тежеу жүйесі, тежеу және автокөлікті жолақта ұстау көмекшілері, белсенді круиз-бақылау, тұрақтандыру жүйесі, басқа да инновациялық қосымшалар.

– Қазақстандықтар үшін қауіпсіздік бірінші орынға шықты, – деп атап өтті Audi Center Almaty-да. – Көбінесе тұтынушылар қауіпсіздік жастықтарының санына, металдың қалыңдығына назар аударады. Сатып алушылар инновациялық шешімдерге қызығушылық танытады. Мысалы, көлікті жолақта ұстау – бұл жаңа смарт-технология, оған адамдар көп ұзамай үйреніп кетеді және ол сұранысқа ие болмақ – кезінде олардың ABS-ке және курсты тұрақтандыру көмекшісіне үйренген сияқты. Егер сіз тас жолмен жүрсеңіз және жолға қайта дұрысталу кезінде бұрылыс көрсеткішін қосуды ұмытып кетсеңіз, онда көліктің өзі сізді жолаққа қайтарады: себебі жүйе сіз рөлде қалғып кетті деп ойлайды. Немесе, артқа жүргенде адам жолды бөгеп тұрса, сіздің көлігіңіз орнынан қозғалмайды. Мұның бәрі маңызды, өйткені бұл қауіпсіздік және біздің клиенттерімізді бүгінгі күні осындай жайттар қызықтырады. Жалпы, біз сатып алушылардың жаңа технологияларға деген назарының күрт өскенін атап өтер едік.

Клиенттердің нақты қалауы туралы айтатын болсақ, дилерлер бүгінгі таңда қолайлылық басым екенін атап өтті. Оның ішінде тіпті премиум сегментте де. Пандемия жағдайында адамдар өздері үшін ең маңызды комплектацияға тапсырыс береді, көбісі камера немесе парктрониктерді қалайды, алайда баға бәрінің көңілінен бірдей шыға бермейді. Егер автомобиль 7-8 миллион теңге тұрса, онда паркрониктердің бар болғаны жеткілікті, ал егер машина 20 миллионға жуық болса, онда клиент үшін мүмкін болатын барлық қосымшаның болуы маңызды. Сатып алушылар арасында климаттық бақылау сұранысқа ие бола бастады, ал бұрын көптеген адамдар үшін тек кондиционер жеткілікті еді. Қазір сатып алушылар қымбат премиум акустиканы сирек талап етеді. Бұл олар үшін аса міндетті емес. Бірақ люксті көліктерде ыңғайлы жүргізуші отырғыштары жиі талап етіледі, шынайы былғарыдан жасалған отырғыштарға қызығушылық орасан.

– Біз мұндай аса көп пайдаланылмайтын, артық ештеңесі жоқ комплектацияны ұзақ іздедік,– дейді автомобиль әуесқойы Асқарбек М. – Базалық және толық комплектация арасында айырмашылықтар анық байқалады. Кейде бір модельдің негізгі конфигурациясы оның алдыңғы моделінің толық конфигурациясы сияқты. Өндіруші өз туындысын жетілдіруге тырысатыны түсінікті, бірақ барлық ультра қымбат опциялар қажет емес. Яғни, дұрыс таңдау жасай білу қажет.

«Нәзік жандыларға арналған» джип? Жоқ, естімедік

 Автокөліктер, әдеттегідей Қазақстандықтардың қабылдауында субъективті түрде «ерлерге» және «әйелдерге арналған» болып ажыратылады. Алайда, бұл айырмашылық осы күндері бұрынғыдай айқын емес. Сіз жол үстінде үлкен, қатыгез джиптің рөлінде отырған қызды немесе кішкентай литражды машинада қозғалатын ірі денелі ер адамды кездестіре аласыз. «Клиенттер көлікті өз өміріне және оның қажеттіліктеріне бейімдейді, жалпы қолайлылық стереотиптерден басым болады», – дейді дилерлер. –  Мысалы, сіз жас қызсыз, сізге ата-анаңыз тұратын саяжай орналасқан тауға қарай жиі баруыңыз керек, онда асфальт жоқ, тік көтерілістер, сәйкесінще сізге джип керек және сіздің таңдауыңыз түсінікті».

 Қазақстандық автонарықтың тағы бір қызықты ерекшелігі: біздің адамдарды электр автокөліктеріне қатысты әлемдік трендтер әлі де қызықтырмайды. Мәселен, гибридті автомобильдер нашар сұранысқа ие, өйткені қазақстандық тұтынушы қозғалтқыштың мұндай түріне сенбейді және оны өз бетінше жөндеуге болатынына сенімді емес. Біздің өндірушілер мен дилерлер осындай қозғалтқыштарға қызмет көрсетуге дайын болса да, тұтынушының өзі мұндай сервиске қол жетімді болатынына күмән келтіреді.

– Мен жеткілікті сомаға ие бола отырып, жаңа «гибрид» сатып алуға тәуекелге бармас едім, өйткені оны 5-7 жылдан кейін адекватты ақшаға сату қиын болатынын түсінемін, – дейді автокөлік иесі Серікжан М. –  Иә, сұйық отынды үнемдеу бұл маңызды, бірақ кейін не болады? Егер сіз осындай машинаға шамамен 15 миллион жұмсасаңыз, бірнеше жылдан кейін оны сату кезінде қиындықтарға тап болуыңыз жағымсыз болмақ.

Эксклюзивті тапсырыстар

Қазақстандықтар түстерді таңдауда консервативті болып қала береді. Orbis Auto бағалауы бойынша, ақ түс ең танымал, екінші орында – қара. Осы екі түсті автомобильдер сатылымның 90%-ын құрайды. Күміс түсі танымалдылығын жоғалта бастады, мұндай түсті көлік сатылымы саусақпен санарлық. Porsche сияқты люксті автомобильдерге келетін болсақ, мысалы, олардың жанкүйерлері ашық түстерді алуға тырысады, олар ағыннан ерекшеленуді ұнатады. Мысалы, Porsche Macan алатындар көбінесе көк немесе жасыл реңктерге тапсырыс береді (Mamba green), Cayenne Orange lava түсінде танымал. Сонымен қатар, мұндай автоларды сатып алушылардың жартысы – консерваторлар,  олар ақ немесе қара түсті таңдайды.

– Премиум сегмент, бұрынғысынша, эксклюзивті тапсырыстардан айырылған жоқ. Құны 30 миллион және одан да жоғары автомобильдер сегментінде де ерекше сұраулар бар. Мысалы, Porsche, Audi компаниясына дилер эксклюзивті тапсырыстар жібереді, олар бойынша клиент қалауындағы автокөлік жиналынады. «Иесінің есімі жазылған аяқ қойғыш» орнату, стандартты емес түсті таңдау, арнайы электронды опцияларды орналастыру. Егер біз бұқаралық сегменттің автомобильдері туралы айтатын болсақ, онда біздің адамдардың қолайлылықты бағалайтыны сөзсіз. Бұл жағдайда клиенттің өзі алғысы келетін белгілі бір түске тапсырыс беруі мүмкін емес, ол тек қазір қолда бар түсті көлікті таңдай алады. Дегенмен, адамдарды аталмыш мәселе көп мазаламайды. Олар үшін ең бастысы функционал, нақты айтқанда, сіз өз ақшаңызға нені аласыз, сол толғандырады – дейді Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры Динара Ысқақова.

Тиімді автокредиттер?

Осы дағдарыс жылындағы жаңа көліктерге деген орасан сұраныс феноменін талдай отырып, мамандар бұл үрдісті банктердің жеткілікті белсенділігімен түсіндіруге тырысады. Несиелеу бағдарламалары нарықтың жандануына үлкен ықпал етеді.

–  Адамдар көлікті қазір сатып алып, оны теңгелік кредитке рәсімдеп, ұтымдылыққа қол жеткізуге болатындығын түсінеді, өйткені біраз уақыт өткеннен кейін ол қымбатқа түсуі ықтимал. Несие бойынша алынған артық төлем сіздің қаражатыңызды үнемдеп, несиесіз автокөлік сатып ала алатын кезіңізде сіздің артық төлеміңізден асып түсетіндігі факт емес. Сонымен қатар, қазір біздің елде мемлекеттік бағдарламалар бар – жеңілдетілген несие 4% -бен, оған қоса әр бренд өзінің сатып алушысын дилерлік желімен бірге қосымша бонустар және бөліп төлеу жүйелерін ұсыну арқылы қолдайды. Нәтижесінде, қазір қаржы құралдары өте белсенді қолданылады: салон, бренд тарапынан клиентті қолдау, «trade in» бағдарламасы бойынша дилер-импорттаушының қолдауы, сондай-ақ жүрілген өз көлігіңізді тапсыра отырып, сіз жаңа автокөлік сатып алған кезде жеңілдік аласыз. Автокөлік сатып алу туралы соңғы шешімге, әрине, баға мен несиелік артық төлем ықпал етеді. Адамдар барлық қол жетімді мүмкіндіктерді пайдаланады, және біз несиелендірудің арқасында сатылымдардың едәуір өскенін көреміз – мысалы, соңғы екі жылда екі есе. «Коронавирустық» дағдарыс бұған еш әсер етпеді, – деп қорытындылады Динара Ысқақова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз