Түркиядағы қонақ үйлердің бірінде Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстаннан келген үш қыз жезөкшелікпен айналысып жүргені үшін ұсталды, деп жазады vesti.uz.
Қыздарды Мугла қаласының полициясы ұстаған.
Қыздар Бодрумға демалу үшін келгенін, сосын қайтар жолға ақшасы жетпей қалып, Түркия жерінде жезөкшелікпен айналысу арқылы ақша тауып амалдамақ болғанын мойындады.
Түрік билігі әлгі үш жезөкшені ел аумағынан шығарып жіберді.