Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі: құлдыраудан экспортқа дейін

1458

Көпшіліктің наразылық әлеуетін жұмылдыру және бір қатар елдердегі ішкі саяси ахуалды тұрақсыздандыру мақсатында әскери-күш акцияларын БҰҰ-ның санкциясынсыз жүзеге асыру, ақпарат құралдары мен технологияларын пайдалану тәжірибесі, сондай-ақ халықаралық террористік және экстремистік күштер белсенділігінің толастамауы қазіргі таңда халықаралық және ұлттық қауіпсіздікке төнген сын-қатер болып табылады.

Міне, сондықтан Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатын модернизациялаудың басты бағыты ретінде

халықаралық және қорғаныс саясатындағы сын-қатерлерге адекватты тойтарыс беруді белгіледі.

Сонымен қатар, нақты халықаралық ахуалға, сондай-ақ еліміздің нақты экономикалық және әскери мүмкіндіктеріне сәйкес келетін тиімді әскери саясатты дайындау да ерекше маңызға ие. Осы саясатқа сәйкес әскери доктрина қалыптастырылады, мемлекеттің әскери ұйымы құрылады, Қарулы күштерді құрудың стратегиялық бағыты айқындалады.

Қазақстанның кеңес кезеңіндегі әскери-өнеркәсіп кешені

Кеңес үкіметі кезеңінде Қазақстан аумағында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің (ҚӨК) 50 жуық кәсіпорындары жұмыс істеді. Олар республиканың бүкіл экономикасында маңызды рөл атқарды. Сол кәсіпорындардың маңына Ленинск, Степногорск, Шевченко, Курчатов және тағы басқалары сияқты қалалар салынды.

Ол кезде Қазақстанда келесі құрал-жабдықтар мен қару түрлері шығарылатын:

  • атыс қаруы,
  • түрлі мақсаттағы кемелер мен, сүңгуір аппараттары,
  • авиацияға арналған радиоэлектрондық құрал-жабдықтар,
  • байланыс құралдары мен РЭБ,
  • теңіз қаруы,
  • әскери техниканы тасымалдауға арналған парашют жүйелері,
  • навигациялық құрал-жабдықтар,
  • зымыран жүйелері,
  • зымыранға қарсы қорғаныс мен әуе қорғанысы жүйелері компоненттері.

Атап айтарлығы, олардың ішіндегі негізгілердің бірі әскери-теңіз флотына арналған қару мен құрал-жабдықтарды өндіру болды.

Жыл сайын қазіргі бағамен 1-1,5млрд доллар сомасындағы қорғаныс өнімдері өндірілді.

Атап айтарлығы, зауыттардың көпшілігі тек әскери өнімдер шығарды, ал ҚӨК кәсіпорындарында өндірілетін азаматтық мақсаттағы өнім көлемі 15—20 проценттен аспайтын.

Одақ күйрегеннен кейін

1990 жылдан бастап, Қазақстан кәсіпорындарында қорғаныс саласы өнімдері мен арнайы тапсырыстарды өндіру күрт қысқарды.Мәселен, 1991 жылы ол 30 процентке төмендесе, ал

КСРО тарағаннан кейін орталықтандырылған кеңестік ҚӨК жұмыс істеуді мүлдем тоқтатты.

Қорғаныс кәсіпорындарын жұмыспен қамтамасыз ететін орталықтандырылған бірыңғай жоспарлау және мемлекеттік тапсырыс жүйесі де жұмысын тоқтатты. Қазақстан аумағында орналасқан қорғаныс өндірісі кешені кәсіпорындары өте ауыр экономикалық жағдайда қалды.

Конверсия, қорғаныс бағдарламаларының қысқаруы және Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізгі тапсырыс беруші – ҚР Қорғаныс министрлігінің төлемдер жасауға қабілетті болмауы мәселелеріне басқа республикалардағы қорғаныс кәсіпорындарымен арадағы шаруашылық байланыстар мен өндірістік кооперацияның ажырауы қосылды.

Қазақстан қорғаныс өнеркәсібінің негізгі өнімдері оның өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес сұраныстан айырылды.

Кеңес Одағының күйреуінен кейінгі жаңа заманда Қазақстан ҚӨК өнімі ешкімге, оның ішінде тіпті Ресейге де қажет болмай қалды. Бұл елдің әскери ведомствосы тапсырыстың өз елінің аумағында орындалғанын құп көрді.
Ал өнімді кеңес жүйесінің қаруын пайдаланатын басқа елдерге экспорттау оңайға соқпады. Өйткені ол елдерде қаруды жеткізудің жылдар бойы қалыптасқан өз жүйесі бар болатын.

Соның салдарынан, 1992 жылы Қазақстандағы қорғаныс кәсіпорындарындағы өнім өндіру тағы 40-50 процентке қысқарды,

ал 1993 жылы жекелеген кәсіпорындарда жұмыс толығымен тоқтатылды. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың ажырауы салдарынан ХХ ғасырдың 90-жылдарында Қазақстан ҚӨК кәсіпорындары өте қиын кезеңді басынан өткерді.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің мәліметтері бойынша, 1998 жылдың басында 20 қорғаныс кәсіпорындарының 19-ы 1991 жылы өндірілген өнімнің 10-нан 20 процентке дейінгі мөлшерін өндірген. Тек Оралдағы «Зенит» зауытында бұл көрсеткіш, шамен, 25 процентке тең болды. Тиісінше, қорғаныс кәсіпорындарындағы жұмысшылар саны да 10-20 процентке дейін елеулі қысқарды.

ҚӨК-ті қалпына келтіру

2003 жылғы 13-наурызда Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешенін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы холдингтік компаниясы құрылды. Аталмыш компания машинақұрылысы саласы кәсіпорындарын бірыңғай құрылым – қорғаныс өнеркәсібі кешеніне біріктірді.

2000 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды орындауға жасалған сараптама отандық кәсіпорындардағы атқарылған жұмыс көлемінің өте аз болғанын көрсетті. Осы уақыт аралығында мемлекеттік тапсырыс негізнен ҚК, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың қару-жараққа, техника мен мүлікке деген сұранысын басқа елдерден жеткізу есебінен қанғаттандыруға бағдарланды..

Бұл отандық ҚӨК кәсіпорындарына кері әсер етіп, олардың дамуын тежеді.

2007 жылғы наурызда Қарулы Күштердің қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ ҚР қорғаныс өнерркәсібі кешенін 2015 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама шеңберінде Қазақстан армиясының қолындағы қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу және жетілдіру, оның ішінде Қазақстанның кәсіпорындарында, әскери әуе техникасынының (ӘӘТ) жаңа түрлерін сатып алу, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын дамыту бойынша бір қатар шараларды жүзеге асыру көзделген болатын.

Алайда қорғаныс өнеркәсібін мемлекеттік реттеу мен оған қаржылай қолдау көрсету жөніндегі өнеркәсіп саясатының жеткілікті деңгейде тиімді болмауы салдарынан осы саладағы дағдарысты еңсеру мүмкін болмады.

Импорттан өзіміздің өндіріске дейін

Ел президентінің тапсырмасымен Қарулы Күштерді технологиялық модернизациялау мен ӘӘТ өндіруді дамытудың арнайы бағдарламасы дайындалды. Осы бағдаламаның шеңберінде жыл сайын сатылып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық мазмұнды көбейтіп, импорт үлесін азайту жөніндегі мақсатқа қол жепткізу белгіленген-ді.

Осы мақсатта Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының және басқа да отандық өндірушілердің әлеуетін неғұрлым көбірек пайдалану керек болатын-ды. Дайындаушылардың ниеті бойынша, бағдарлама күштік құрылымдарды технологиялық модернизациялау және Қазақстанның қорғаныс саласы кәсіпорындарын дамыту мәселелерін бір бірімен ұштастыруға тиіс болатын.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 28-сәуірдегі қаулысына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акциялары ҚР Қорғаныс министрлігінің сенімді басқаруына берілген болатын.

Осы уақыттан бастап, әскери ведомствоға Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыдан толыққанды қамтамасыз ету бойынша қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының және басқа отандық тауар өндірушілердің әулеуетін неғұрлым толық пайдалану мақсаты жүктелген-ді.

Қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыруда отандық кәсіпорындар басымдыққа ие болды.

Қазіргі таңда «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің негізі болып табылады. Оның құрамына 26 ұйым кіреді, оның ішінде, 26 еншілес, 3 бірлескен бақылаудағы және 6 тәуелді қорғаныс кәсіпорындары кіреді. Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы болып табылады.

Бүгін Қазақстан инжиниринг қызметтің келесі түрлерімен айналысады:

  • ҚР күш ведомстволарына және экспортқа арналған арнайы мақсаттағы өнімдерді өндіру және қызметтерді көрсету;
  • мұнай-газ кешеніне арналған құрал-жабдықтарды өндіру;
  • теміржол кешеніне арналған құрал-жабдықтарды өндіру;
  • ауыл шаруашылығының машина құрылысы;
  • радиоэлектроника.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз