«Қазавтожол» РМК мәліметінше, еліміздегі бірқатар өңірлерде жол жабылып, көлік қозғалыстарына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Астана
24 қаңтар да сағат 19.00-ден бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизель жанармайлы және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
24 қаңтарда 19.00-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизель жанармайлы және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Алматы облысы
24 қаңтарда 21.30-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз ШҚО аумағында) республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тас жолында (558-615 шақырым) дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысы
24 қаңтарда 19.00-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
24 қаңтарда сағат 20.00-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысы
24 қаңтарда 21.00-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
24 қаңтарда 19.00 ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз Павлодар облысы аумағында) республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тас жолында (733-587 шақырым) дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы
23 қаңтарда 15.30-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз, бұрқасын) республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолы (92-257 шақырым) жабылды.
Қарағанды облысы
24 қаңтарда 19.00-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз ШҚО аумағында) республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» тас жолы (1071-1142 шақырым, Теміртау-Ақмола облысының шекарасы) жабылды.
Қостанай облысы
24 қаңтарда 22.00-ден бастап ауа-райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.