Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің мәліметінше, 24-26 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жел тұрады.
“Оңтүстік Қазақстан облысында 26 қарашада екпіні 25 м/с жел тұрып, жауын-шашын жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар болуы мүмкін. Ал күндізгі уақытта ауа температурасы 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады”, – деді “Қазгидромет” өкілдері.