Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай болады, қатты жел тұрып, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Қазгидрометтің хабарлауынша, суық циклонның жүруіне байланысты еліміздің бірқатар аумағында күн салқындап, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың батысында, оңтүстік батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал, бұршақ жауып, дауыл болуы күтіледі.
Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы, Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.