Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанның бір әкімі – «байкер» екен

134

“2012 жылы байк сатып алып, содан бері мотоцикл мінемін, бұл өзі көліктің өте ыңғайлы түрі, – депті әкім Қуат Тұмабаев. – Бірақ бәз-біреулер таң қалады, дардай әкімнің қызметтік көлікпен емес, мотоциклмен жүргені біреулер үшін біртүрлі құбылыс шығар. Бірақ мен де байк міндім деп мақтанбаймын, жұрт назарын өзіме аудармауға тырысамын”.

Бірде мерекелік шараға шлем мен мотокостюм киіп келген әкімді журналистер танымай қалыпты. Қала сыртында өткен шараға Қуат Тұмабаев қос аяқты темір тұлпарымен келіп, түрлі сұрақтарын жаудыртқан журналистерге сырын жайыпты:

“Жүріс-тұрысымның көпшілігінде кәдімгі көліктің орнына мотоцикмен жүремін, дейді Қуат Тұмабаев. Нысандарға барып, жасалып жатқан жұмыстарды мотоциклмен аралаймын. Менің қайда барғалы тұрғанымды ешкім білмейді. Бұл менің жұмыс әдісімнің бір түрі. Қай жерде жол жаман, қай жердің көшесінде жарық жоқ, қаланың қай жерлері көрікті екенін өз көзіммен көре аламын”.

Байкер-әкім жол ережесін сақтаймын деп қояды:

“Әкіммін ғой! Әкім басыммен ереже бұзсам, масқара болмаймын ба? Жаңалықтарға шығып кетіп, дау шығып кетуі мүмкін, сол себепті мен тыныш жүремін. Желдей есіп, жылдамдықты арттырмаймын, басқа жол ережелерін де бұзбаймын”, – деп қосыпты.

Айтпақшы, БАҚ бетінде бұл әкім туралы тағы бір жаңалық болған. Бұл жігіт әкім болып тағайындалардан бірнеше күн бұрын 3 келіге арықтапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз