Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Сібірден келген суық ауа ағымын Атлантикадан келген жылы және дымқыл ауа-массалары ығыстырады.
Сәйкесінше, Қазақстанда алдағы үш тәулік бойына күн жылы болады. Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, жел соғуы ықтимал.