Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасына 19 ақмолалық ұсынылды

111

Наталья Дементьева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

– Шыңғыс ханның сөзін есіме түсіріп отырмын. Ол былай деген: «Бастасаң, қорықпа. Қорықсаң, бастама». Сондықтан әрқашан да осы ұстанымды мен де ескере отырып, өмір сүріп жатырмын. «100 жаңа есім» республикалық байқауы сияқты осындай сайыстардың біздің, жалпы қазақстандықтардың өмірінде алар орны ерекше. Өйткені әртүрлі салаларда қызмет ететін, еліміздің дамуы үшін өзінің үлесін қосатын адамдар өте көп. Бірақ олардың есімдерін біз біле алмаймыз.

«100 жаңа есім» жобасына Ақмола облысынан ең алғашында 179 адам ұсынылған екен. Алайда екінші айналымға тек 19 үміткер ғана өтіп отыр. Барлығы да аймақта абыройлы, еңбегімен елдің батасын алған тұлғалар.

Жазира Сейтмағанбетова, «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы:

– Бұл тұлғалардың арасында медицина саласынан, ғылым саласынан, білім және спорт саласынан шыққан тұлғалар бар. Осы тұлғалардың өмірбаянын, олардың Қазақстанның тәуелсіздігіне қосқан үлесін жариялау үшін мақалалар жазылып, олардан арнайы сұхбат алып жатыр. Олармен арнайы кездесулер, отырыстар өткізіп жатыр. Жалпы, жобаның шарты бойынша үміткерлерге онлайн дауыс беру 10-қарашаға дейін жалғасады. Содан кейін сарапшылар соңғы айналымның қорытындысын жасап, Қазақстанның 100 жаңа есімін елге жариялайтын болады.

Ал Ақмола облысынан қазіргі 19 үміткердің кем дегенде жартысына жуығы ақтық сынға өтеді деген үміт бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз