Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстаннан сыртқа шығарылған қаржы көлемі артты

266

Соңғы айларда Қырғызстанға аударылған ақша көлемі артқан. Ұлттық банк деректері бойынша,

  • мамыр айында бұл бағытта ААЖ арқылы 18,9 млрд,
  • маусымда26,4 млрд,
    шілде де – 13,2 млрд теңге кеткен.

Салыстыратын болсақ, 2019 жылы Қырғызстанға аударымдардың орташа айлық көлемі 7,3 млрд теңгені құрады (ешқашан 10 млрд-қа жеткен емес). Жалпы мамыр мен шілде аралығында бұл бағытта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе көп қаражат аударылды.

Бұл жағдайды шекаралардың жабық болуымен ғана түсіндіруге болады. Егер әдеттегі уақытта ақшаны қолма-қол тасымалдауға мүмкін болса,  карантин жағдайында қаражат жіберудің жолы азайды. Бұны динамика да растап отыр,
карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін ААЖ арқылы жасалған аударым көлемі төмендей бастады.

Кейбір басқа негізгі бағыттар бойынша аударым көлемі өсті.

  • Үш ай ішінде Ресейге ААЖ арқылы 64 млрд теңге кетті – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,2%-ға көп.
  • Өзбекстанға жіберілген аударымдар 11,2%-ға артып, 50,7 млрд-ты құрады.
  • Түркияға 36,9 млрд теңге аударылды —  бұл 2019 жылдың мамыр-шілдесіне қарағанда 74,1% – ға көп.

Жалпы шілде айында Қазақстаннан басқа елдерге 66,1 млрд теңге аударылды. Бұл 2019 жылдың сәйкес айына қарағанда 3,8%-ға көп. Алайда, маусыммен салыстырғанда көрсеткіштер бірден 29%-ға немесе 26,7 млрд теңгеге азайды.

Кореядан келетін ақша аударымдары төмендеді

Шетелден аударымдарға келетін болсақ, мұнда динамика өзгермейді. 14 ай қатарынан Қазақстанға өткен жылдың сәйкес айына қарағанда аз қаражат аударылды. 2020 жылдың шілдесінде республикаға 25,6 млрд теңге жіберілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 14%-ға аз. 2020 жылдың маусымымен салыстырғанда 2,5% – ға төмендегені байқалады.

Ұлттық қордың активтері тамызда 1,5 трлн теңгеге қысқарды

Кейбір алыс шет елдерден алынған аударымдар көлемінің артқаны назар аударады. Мәселен, шілде айында АҚШ-тан Қазақстанға ААЖ арқылы 2,27 млрд теңге келді (бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,5%-ға көп). Германиядан жасалған аударымдардың жылдық өсімі 69,5%-ды құрап, 1,66 млрд теңгеге  артты. Айта кету керек, екі жағдайда да аударым көлемі  2017 жылдың басынан бері ең жоғары деңгейде болды.

Екінші жағынан, Кореядан аударылатын қаржы көлемі төмендеді.  Шілде айында олар 4,1 млрд теңгені құрады – бұл 2018-2020 жж әдеттегі көлемінен едәуір төмен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аударымдар 26%-ға азайған.

Қазақстанға жіберілген аударымдар бойынша Ресей көшбасшы. 2020 жылдың шілдесінде олардың көлемі 8,2 млрд теңгені құрады – бір жыл бұрынғыға қарағанда 30%-ға аз, бірақ маусымдағы деңгейден 7%-ға көп. 5 айда алғаш рет алынған қаражаттың жалпы көлеміндегі РФ-ның үлесі 30%-дан асты.

Донар рөлінің күші

Алғашқы карантиннен кейін күрт күшейген Қазақстанның донор ретіндегі рөлі біртіндеп төмендейді. Сонымен,

  • мамыр айында шетелден аударылған қаражатқа қарағанда, шетелге жіберілген қаражат 3,46 есе көп. Айырмашылық 50,2 млрд теңгені құрады;
  • маусым айында көрсеткіштер 3,53 есе және 66,5 млрд құрады;
  • шілдеде2,58 рет және 40,5 млрд.

Алайда, төмендеуге қарамастан, жіберілген және алынған қаражат арасындағы мұндай айырмашылық өте жоғары күйінде қалып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз