Қазақстан-Қытай шекарасында өзімен бірге алтын оралған түйіншекті алып өтпек болған қытайлық әйел ұсталды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК КҚ-інің баспасөз қызметі хабарлайды.
“Қорғас” бекетінің қызметкерлері Қазақстаннан Отанына жаяу өтпекші болған 28 жастағы әйелді қолға түсірді. Тексеру кезінде оның өзімен бірге салмағы 300 грамм алтын алып өтпек болғаны анықталған. Артынша бекет қызметкерлері бұл туралы тиісті органдарға хабарлаған.