Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-3
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Қазақстанға Ресейден және Өзбекстаннан көшіп келетіндер көп

755

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 525,4 мың адам тұрғылықты қаласын ауыстырды. Олардың көпшілігі (328 мың) осы аймақта орналасқан елді мекенге көшті. Қалғандары (197,4 мың) – басқа облысқа.

Тұратын жерін ауыстырғандар негізінен еңбекке қабілетті жастағы адамдар (16-дан 62-ге дейін), олар көшіп-қонушылардың жалпы санының 63%-ын құрайды. 6 ай ішінде 330,4 мың адам көшіп отырған, бұл күн сайын шамамен 1,8 мың адам көшті деуге болады.

Көбінесе қазақстандықтар Түркістан және Алматы облыстарының ішкі өңірлерінде тұрғылықты жерлерін ауыстырған

6 айда бұл жерге тиісінше 40,2 мың және 33,2 мың адам көшіп келді. Бұл тұрғыда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары тұрғылықты жерлерін ауыстыруға аса бейім емес. Жиынтығында өңірлік көші-қон мұнда 16 мыңнан кем адамды қозғаған.

Қазақстандықтар ірі қалаларға көшіп жатыр

Ішкі көшіп-қонушылар көбіне Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қоныстанады. Мұнда 6 ай ішінде жалпы саны 27,8 мың адам келген. Оның ішінде елордаға 14,1 мың адам көшсе, Оңтүстік мегаполиске 13,7 мың адам қоныс тепкен.

Одан басқа екі өңір ғана өңіраралық көші-қонның оң сальдосына ие. Бұл Шымкент (+3,7 мың) және Маңғыстау облысы (+ 556 адам). Яғни, халықтың көзқарасы бойынша бұл аймақтар өмір сүруге айтарлықтай тартымды қалалар.

Бірінші жарты жылдықта халықтың ең көп көшіп кетуі Алматы (8,6 мың), Түркістан (6 мың) және Жамбыл (5,2 мың) облыстарында тіркелген. Сонымен қатар, Орталық және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жаңа өмір іздеуге басқа қалаларға белсене аттануда.

Ішкі көші-қон бағыттары

Ішкі көші-қонның ең сұранысқа ие бағыты — Шымкент пен Түркістан облысы арасы. Жарты жылда оны 36,5 мың адам бағындырған. Бұл ретте 20 мың облыстан Шымкентке көшсе, қалғандары кері бағытта көшкен.

Алматы облысынан Алматыға немесе керісінше бағытта жалпы алғанда 25,5 мың адам, Нұр-Сұлтаннан Ақмола облысына (немесе керісінше) — 13,8 мың адам көшіп келді.

Егер тек көші-қон айырымын есепке алсақ, бірінші жарты жылдықта қазақстандықтардың көбі — шамамен 8,2 мың адам Алматы облысынан Алматыға көшіп келді. Түркістан облысынан Шымкентке, кері бағытқа қарағанда, 3,4 мыңға артық кетті.

Қазақстандықтардың көбі Ресейге көшеді

Сыртқы көші-қонға келетін болсақ, жағдай тұрақты. Қазақстанға келушілерден ктеушілер әлдеқайда көп. Қаңтар-маусым қорытындысы бойынша 5 647 адам келсе, 20 071 адам кеткен. Адамдардың көбі Ресейге кетіп, және сол жақтан қайтып келеді.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша Ресейге 17,7 мыңнан астам адам көшіп кетті (ТМД елдеріне кеткендердің 97,5%-ы). РФ-ға көбіне Шығыс Қазақстан (3019 адам), Қостанай (2497) және Павлодар (2264) облыстарынан көшеді. Кері бағытта 6 айда 1517 адам қоныс аударды, олардың басым бөлігін республиканың солтүстік өңірлері қабылдаған.

Қазақстанға, сонымен қатар, Өзбекстаннан көшіп келетіндер көп — 2202 адам. Негізінен олар республиканың оңтүстігіне қоныс тебеді. Мәселен, Алматы, Шымкент, Алматы және Түркістан облыстары 1,3 мыңға жуық адамды қабылдады. Алайда өзбек мигранттарының ең сұранысқа ие бағыты Маңғыстау облысы болып табылады – 6 ай ішінде ол жаққа 655 адам қоныс аударды.

Ал алыс шетелдерге келетін болсақ, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында ол жаққа 1892 адам көшіп кетті. Және шамамен үштен екі бөлігі (1234 адам) – Германияға қоныс аударған. Көшіп келгендер саны — 1015 адам. Олардың 395-і Қытайдан, 139-ы Моңғолиядан келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз