Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанға Ресейден тасымалданатын көлік азайып жатыр

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанға шетелдерден 4,7 мың көлік жеткізілген. Бұл сан – 2016 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 11 пайызға аз. Ал 2014 жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 7 есеге төмен. 2014 жылы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға сырттан 32,4 мың көлік кіргізілген.

Ресми мәлімет бойынша, биыл Қазақстан импорттаған жеңіл көліктердің 3126-сы (66 пайыз) Ресейден, 546-сы Жапониядан, 480-і Өзбекстаннан, 213-і Түркиядан, 196-сы АҚШ-тан жеткізілген.

Соңғы бір жылда Қазақстанға Ресейден жеткізілген көлік 24 пайызға азайған, ал ресейлік көліктердің бағасы 35 пайызға қымбаттаған.

Дереккөз: Азаттық 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз