Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанға бітімгерлік операцияларына қатысу керек пе?

188

Ауған соғысының ардагері, запастағы полковник Сергей Пашевичтің айтуынша, қазіргі әлемде бітімгершілікті ту ету – заман талабы болып отыр.

Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікті сақтап қалу жолындағы бітімгерішік бағыттағы операцияларға белсене қатысуы – заманауи әлемдегі жағдайдың өзі міндеттеп отырған асқан қажеттілік. Мен өзім бүкіл әлемдегі бейбітшілікті қолдауға бағытталған мемлекеттік міндеттер мен тапсырмаларды орындайтын барлық әскерилерге айрықша мәртебе беруді қажет деп білемін. Өйткені Біріккен Ұлттар ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысатын барлық мемлекеттердің әскери қызметкерлері түрлі артықшылықтар беретін осындай айрықша мәртебеге. Мұндай тәжірибе Қазақстанға да өте қажет деп санаймын,

– дейді ол.

Мұндай пікірді Қазақстанның ардагер жауынгері, бітімгершілік күштерінің құрамында талай жыл қызмет еткен сарбаз, II-дәрежелі «Айбын» орденінің кавалері, запастағы полковник Қайсар Зейдалиев те қолдайды. Ол былай дейді:

Биыл Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы бітімгершілік күштерінің Ирактан оралғанына он жыл толады. Мен 2006 жылдың 6 наурызы мен 14 қыркүйегі аралығында Тұрақтандырушы коалициялық қарулы күштер құрамында Ирак Республикасында болып, әскери қызмет атқардым. «Қазбаттың» 6-шы ротациясында арнайы құрылған инженерлік-саперлік отрядтың командирі қызметін атқардым. Қиын күндерді бастан кештік. Кей түндері тарсылдатып біздің базаны қолдан жасалған зеңбіректермен, 122 миллиметрлік снарядтармен атқылайтын. Сондай сәттерде біз тек осы бір бітімгершілік миссиямызды абыроймен аяқтауды ғана ойлайтынбыз. Міне, осылайша біз де Ирак Республикасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге атсалысып, өз үлесімізді қосып келдік,

– дейді Қайсар аға.

Әлемдегі бейбітшілікті сақтай отырып, Қазақстан республикадағы бейбітшілікті де сақтай алады

Ауғанстан соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, адвокат Ерлан Әлімбетов Қазақстанның әскері бітімгершілік күштеріне қатыса отырып, біздің армиямыздың әлеуетін арттырады, деген пікірін білдірді:

Білсеңіз, сонау 1988 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының бейбітшілікті сақтау жөніндегі Қарулы күштері Нобель сыйлығына ие болған. Нобель сыйлығының комитеті өзінің бұл шешімін мынадай жалынды сөздермен түсіндірген еді: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Бітімгершілік күштері аса ауыр жағдайларда, бітімгершілік жөнінде уағдаластық жасалып, бірақ бейбітшілік туралы келісімдерге әлі қол қойылмай тұрған күрделі кезеңдерде жағдайдың шиеленісе түсуіне жол бермеу жолында қажырлы еңбек етті». Өкінішке қарай, мынау әлем тұрақсыз, жалпыәлемдік бейбітшілік мұхит суының бір орнында қатып қалуы сияқты мүмкін емес нәрсе. Алайда бейбітшілікті сақтау жолындағы халықаралық операцияларға қатыса отырып, Қазақстан әлемдегі бейбітшілікті ғана емес, Қазақстан Республикасының өз ішіндегі бейбітшілікті сақтап келеді. Оның үстіне, Қазақстанның әскери күштерінің халықаралық бітімгершілік күштерінің операцияларына қатысуынан ешкімге ешқандай зиян көріп отырған жоқпын. Тіпті мұндай тәжірибенің біздің әскеріміздің дамуына қарқынды дүмпу беретіні анық,

– дейді Ерлан Әлімбетов.

Фото: InfoResist

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз