Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақстандықтардың 60%-дан астамы елден көшіп кеткісі келеді – зерттеу

925

Қазақстандықтардың 64%-ы шетелге көшу мүмкіндігін қарастыруда деп есептейді “Қазақстанның еңбек нарығы. Жаңа өмір жағдайындағы даму” ұлттық баяндамасының авторлары. Сөздерін растау үшін олар Boston Consulting Group (BCG) 2020 жылғы зерттеуіне сілтеме жасайды.

Алайда, авторлар дамыған елдерде де бұл көрсеткіштер жоғары екенін айтты. Мысалы, Италия мен Швецияда сәйкесінше 90% және 86%.

– Еуропа мен Орталық Азия азаматтары қоныс аударғысы келетін ең танымал елдер – Германия, АҚШ және Канада. Сондай-ақ, көшбасшылардың ондығына Швейцария, Ұлыбритания, Италия, Австралия, Австрия, Франция және Швеция кіреді”, – делінген еңбек ресурстарын дамыту орталығының порталында жарияланған баяндамада.

Кетіп жатқандар саны көп, ал келіп жатқандар саны азайып барады

Алайда Қазақстанда эмиграция қарқыны (яғни “ниеттеніп жүргендер” емес, қазір бар көрсеткіш) келу қарқынынан едәуір асып түседі. Орташа алғанда жылдық айырмашылық 22 мың адамнан асады.

– Қазақстаннан кадрлардың кетуі 2015-2019 жылдар ішінде 13,5 мыңнан 33 мың адамға дейін екі есеге ұлғайды. 2020 жылы COVID-19 пандемиясының аясында кадрлардың кету қарқыны бәсеңдеді. Алты жылдық кезеңнің (2015-2020 жылдар) қорытындылары бойынша елден 218,9 мың адам кетіп, 82,3 мың адам келді.

Нәтижесінде сыртқы көші-қонның жалпы теріс сальдосы 136,6 мың адамды құрады,- деп жазады авторлар.

Қазір процесс баяулады, бірақ тек пандемия мен карантиндік шараларға байланысты.

Келу қарқыны, керісінше, жыл сайын төмендеуде. 2017 жылдан бастап төмендеу орта есеппен 10% құрады.

Сейкесінше, еңбекке қабілетті эмигранттардың саны да өсуде. 2015 жылдан бастап тек еңбекке қабілетті халықтың сыртқы көші-қонының теріс сальдосы 87,7 мың адамды құрады.

Яғни, жыл сайын еліміз 14 мыңнан астам әлеуетті жұмыс күшін жоғалтады

– Аймақ бойынша шаққанда еңбекке қабілетті халықтың ҚР тыс жерлерге кетуі бойынша ШҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары көшбасшы болып отыр. Бұл өңірлерде шығу қарқынының көптігі соншалықты, мысалы, 2015-2020 жылдар аралығында Қарағанды облысына келгендердің саны барлық кеткендердің тек 11% – ын құрады. Бұл осы аймақта еңбек ресурстарын бөлуде айқын теңгерімсіздік тудырады. Сонымен қатар, Ақмола, Жамбыл және БҚО сияқты өңірлерге келгендер саны осы кезеңде 2/3-ге қысқарды, – деп жазады авторлар.

Кейбір аудандарда жағдай басқаша. Еңбекке қабілетті иммигранттар Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматыға баруға дайын.

Маңғыстау облысына келген еңбекке қабілетті мигранттардың ағыны кеткендерден бес есе артық

Білікті мамандарды мектеп аттестаттары бар адамдар ауыстыруда

2015-2019 жылдар аралығында эмигранттардың көпшілігі (36%) 15-34 жас аралығында болды.  30% — ересек адамдар (35-54 жас), 23% — 15 жасқа дейінгі балалар, 11% – 55 жас және одан жоғары. Жартысынан көбін (54%) әйелдер (103 мың) құрайды, оның 36%-ы 15-34 жас аралығында.

Келушілердің арасында жастардың үлесі басым (15-29 жас) — 36%. Ересек жастағы адамдардың үлесі 38%-ды, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар — 13%-ды, балалар – 12%-ды құрайды.

– Көші-қонның тағы бір дилеммасы халықтың елден кету қарқынының маңыздылығымен қатар адами капиталдың біркелкі емес ағындары болып табылады. Статистика деректері елден кетіп жатқандар білікті мамандар екенін көрсетуде, ал олардың орнына негізінен мектептік орта білімі бар адамдар келіп жатыр, — дейді авторлар.

Мәселен, 2015-2020 жылдары эмигранттар арасында жоғары (64,4 мың адам немесе 38%) және техникалық-кәсіптік (54,9 мың адам немесе 34%) білімі бар адамдар басым болды. Олардың жалпы көлемдегі жыл сайынғы саны 70% және одан көп. Осы кезеңде иммигранттардың жартысынан көбі (55% немесе 38,9 мың) орта білімі барлар болды.

Авторлар бұл үрдіс 10 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті. 2010-2014 жылдар аралығында елден 76 мың білікті маман кетті.

Негізінен техниктер мен экономистер кетіп жатыр

Кейінгі жылдары, 2020 жылға дейін 119,3 мың болды.

Барлық негізгі мамандықтар бойынша сальдо теріс нәтиже көрсетті, жиынтығында 86,9 мың адамды құрады.

2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін кеткен кадрлар саны 77% – ға ұлғайды. Бірақ пандемияға байланысты жоғарыда айтылғандай 2020 жылы сальдо 40%-ға азайды.

Авторлар эмигранттарды мамандықтар бойынша талдады. Төмендегілер көш бастап тұр:

  • техникалық мамандықтар (жыл сайын шамамен 31%)
  • экономикалық (шамамен 16%)
  • педагогикалық (шамамен 11%)

Ауыл шаруашылығы, сондай-ақ сәулет және құрылыс саласындағы мамандар саны аз (жыл сайын тиісінше 2% және 3%).

— Соңғы бес жылда елден кетеіп жатқан медициналық, педагогикалық және ауылшаруашылық мамандары арасындағы айырмашылық артып келеді, — делінген баяндамада.

2015-2020 жылдары көші-қонның теріс сальдосы:

  • медициналық мамандықтар бойынша 36%,
  • педагогикалық – 22%,
  • ауыл шаруашылығы — 19% – ға%,
  • экономикалық – 13% – ға өсті.

Бұл тіпті 2020 жылы эмиграцияның төмендеуін ескергенде шыққан нәтиже.

Білікті кадрлардың келуі мен кетуі арасында өңірлерге де байланысты алшақтық бар. Мысалы, Павлодар облысынан кеткен техниктер саны келгендерден 14 есе көп кетеді. Ал Қарағанды облысында дәрігерлер саны 13 есе көп.

Экономика жыл сайын ондаған миллиард теңгеден айырылады

— Осылайша, біз Қазақстан үшін зияткерлік эмиграция мәселесі өзекті екенін көріп отырмыз. “Мамандардың кетуі” адами капитал деңгейінің және еңбек өнімділігінің төмендеуіне алып келеді.

Жалпы жоғары білікті кадрлардан айрылу ел үшін новаторлық идеялар мен инновацияларды құру мүмкіндігін азайтады. Экономикалық шығындар тұрғысынан есептесек,экономика жыл сайын ЖІӨ-нен орташа есеппен 0,05%-ға дейін жоғалтады, ал бұл қаржыны ішкі нарықтағы айналымда алып қалуға болар еді, – делінген баяндамада.

2015-2020 жылдары елден кеткен дипломы бар мамандардың жылдық табысы жылына 15-тен 42 млрд теңгеге дейін болар еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз